ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА

17:58, 6 сәуір 2021

ДК: Елімізде «Worldskills Kazakhstan 2021» атты  ұлттық чемпионат бастау алды. Кәсіби шеберліктері сыналатын халықаралық деңгейдегі байқауға әлемнің әр елінен жас мамандар қатысады. Бүгінде әр өңірде байқаудың аймақтық кезеңдері өтіп жатыр.

РКС: Бұл шаһардағы Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ педогогикалық колледжі. Дәл осы жерде байқаудың аймақтық кезеңі педогогикалық бағытта өтіп жатыр. Яғни, 17-22 жас аралағындағы студенттер «мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» және «бастауыш сыныпты оқыту» құзыреттіліктері бойынша өз бақтарын сынауда. Жарысқа облыстың бірқатар колледждері қатысып жатыр.

СНХ:  ҚАРАГӨЗ МҰҚЫШЕВА, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ///қазақша///Бүгінгі біздің чемпионатқа 5 оқу орнынан 10 студент қатысуда.  Әрбір қатысушы 5 модуль бойынша өздерінің бақтарын сынайды. Бұл жерде бір күн бұрын жарысқа тапсырмалар 30 пайызға өзгереді. Әр сутдентті арнайы келген эксперт сарапшылар бағалайды. Сонымен қатар, қаладағы білім ошақтьарынан, университеттерден арнайы сарапшылар келді. Солар бағалайды.

РКС: Айталық, аймақтық кезеңнен сүрінбей өткендер Республикалық чемпионатқа жолдама алып, өңір намысын қорғайды. Былтырғы ел чемпионатында осы екі бағыттың бірі бойынша Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенті бас жүлде қанжығалаған. Олар биыл да сол көрсеткішті қайталауды көздейді. Десе де, қарсыластардың қарқыны да көңіл қуантады.

СНХ: БҰЛБҰЛ ҚЫДЫРБЕКОВА, ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫК-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ//қазақша// Негізнен осыған дейін өзіміздің колледж ішілік байқау өткен болатын. Содан жеңген бір студентімді осында әкелдім. Ол сайыс өткен жылы өткен болатын. Енді былтыр короновирусқа байланысты сайыс болған жоқ қой. Сондықтан сол студент келді. Жүлделі орын алады деп сеніп отырмын. Себебі барлық-күш жігерімізді салып дайындап әкелдік.

РКС: Байқау барлық санитарлық талаптарға сәйкес өтуде. Айта кету керек, аталмыш республикалық  чемпионат осымен 7 мәрте ұйымдастырылып жатыр. Ал, аймақтың кезеңнің қорытындысы 7 сәуірде белгілі болады.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ДАНИЯР ҒАББАС, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...