ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ОЛИМПИАДА

20:11, 8 сәуір 2021

ДК: Биыл ұлы ағартушы, педагог, ғалым, этнограф Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толып отыр.  Осыған орай жазушының шығармашылығын насихаттау мақсатында өткізіліп жатқан игі шараның бірі оқушылар арасындағы интелектуалды олимпиада. Білім бәйгесі өңір бойынша гуманитарлық бағытта білім беретін орта мектеп, лицей, гимназиялардың 11-сынып оқушылары арасында өткізіліп отыр. 

РКС: Айзада АхметжановаМәлік Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын мамандандырылған гимназия-мектебінің 11-сынып оқушысы. Ол да ұлы ағартушы секілді елге пайдасы тиетін білікті ұстаз болуды армандайды. Оның айтуынша, білімді толықтырып, мұғалім боламын деген азамат Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына қанып өсуі қажет. 

СНХ: АЙЗАДА АХМЕТЖАНОВА, МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ №3 КӨПБЕЙІНДІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯНЫҢ ОҚУШЫСЫ///қаз///Ұлы педагогты «Дала қоңырауы» деп бекер айтпаған. Оның әрбір өлеңі, әрбір әңгімесі ұлттық құндылықты дәріптейтін тағылымы мол шығармалар. Қазақ даласында «Қоңырау» болып білімге шақырған ұлы ұстаздың еңбегі ұшан-теңіз. Өз қаражатына мектептер ашып, оқулық жасаған болатын. Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» кірген өлеңдерінде де халық ағарту идеясын көтерді. +скл+Қазақ балаларының сауатын ашуда мол еңбек еткен педагогтың өмірінен алар тағылымымыз мол. 

РКС: Айта кетейік, аталмыш олимпиадада 14 оқушы бақ сынады. Қазылар алқасының айтуынша, қатысушылар қарым-қабілеті жағынан бірінен бірі асады. Онлайн форматта өткен білім бәйгесі 3 турдан тұрды. Эссе жазды, тест арқылы білімін дәлелдеді, блиц-турнирге қатысты.

СНХ: СӘБИТ ЖӘМБЕК, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ///қаз///Осы арқылы биылғы жылы ұлы ағартушының 180 жылдығына байланысты оқушы балалардың арасында сол ұлы ғалымның мұраларын насихаттау, оқушы балалардың жүрегіне ұлы ағартушының шығармаларын сіңіру. Сол арқылы қазақ білімінің негізін салған, қазақтың оқу ағартушының негізін салған ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің есімін ұлықтау.

РКС: Олимпиада қорытындысы бойынша, жүлдегерлер анықталды. Бірінші орынды Абай атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернатының оқушысы Шұғыла Елеш иеленді. Сондай-ақ, «Үздік эссе» жазудан Мәлік ғабдуллин атындағы №3-ші көпбейінді мамандандырылған мектеп-гимназиясының оқушысы Сағыныш Әнуәрбеков озса, Атбасар қаласындағы №2 мектептің оқушысы Диас Исатаев «Үздік тест» жазудан алдына жан салмады. Красный Ярдағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының оқушысы Нұржайна Бауыржан «Үздік блиц-турнир»  номинациясын иеленді.  

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ,  КӨКШЕ АҚПАРАТ 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...