ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

«YOUNG EXPLORERS-2022» ЗЕРТТЕУ КУРСЫ АШЫЛДЫ

19:16, 13 маусым 2022

ДИКТОР:  Бүгін Назарбаев зияткерлік мектебінде «Young Explorers-2022» республикалық зерттеу курсының ашылу салтанаты өтті. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 50-ге жуық оқушы қатысты.

РКС:  Өңірде заңды түрде жұмыс істейтін 24 полигон ғана бар. Қалғандары санитарлық және экологиялық талаптарға сай емес. Бүгінде рұқсат етілмеген жерге қоқыс төгетін орындардың артуы қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіріп отыр. Бұл проблема тек сала мамандарын ғана емес, сондай-ақ мектеп оқушыларын да алаңдатады. Олар мәселені тиімді шешу үшін ғылыми жобалар жасап, өз ұсыныстарын енгізбек. Іс-шараның басты мақсаты да осы.   

СНХ: АЛИСИЯ ПРЭССЕЛ, КУРС ЖЕТЕКШІСІ: Біз Sick қосымшасын пайдалана отырып, табиғаттың ластану мәселесін зерттейтін боламыз. Ол үшін бір сыныпта қамалмай, керісінше далаға шығып, барлығын қарастырмақпыз. Бүгінде жерде шашылып жатқан пластиктардың саны артқан. Бізді оның барлығы ақыр соңында өзен, көлдерге, теңіздерге барып ағылатыны алаңдатады. Сондықтан да, біз ластанған жерлерді қосымша арқылы картаға түсіреміз.

РКС: Өңірде көрікті жерлер көп. Оған қызығатын туристердің саны да жыл сайын артып келеді. Алайда, дем алуға келген кейбір жандардың бейқамдығы қоршаған ортаға үлкен зиян келтіретіні ащы да болса шындық. Мұндай курорттық аймақтардағы өзен, көлдердің де жағдайы мүшкіл. Өйткені, жер бетінде шашылған қоқыстың ақыр аяғында суға да түсетіні мәлім. Үш күнге жалғасатын зерттеу курсы да бұл проблеманы шешуге бағытталған.

СНХ:  ЕРБОЛАТ ЕДІРІСОВ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Зерттеу курсы барысында оқушылар өзен, көлдердің жиегінде шашылып жатқан қоқыстың түрлерін анықтайды. +скл+ Оның су сапасына әсерін зерттейді. Олар осы алдағы үш күнде Қопа көлі мен Бурабай-Шучье курорттық аймағына барып, қоқыстың түрлерін анықтайды. Онымен күресу жолдарын қарастырады.

РКС: Шараға қатысушылардың бірі-қостанайлық Зарина Мирам. Оны елдегі экологиялық мәселелер толғандырады. Білім алушы бұл проблеманы осыған дейін де бір емес, бірнеше рет қозғаған. Зерттеу курсына басқа оқушылармен бірге өзара тәжірибе алмасып, өзін мазалаған сауалдарға жауап алу үшін келген.

СНХ: ЗАРИНА МИРАМ, КУРСҚА ҚАТЫСУШЫ (ҚОСТАНАЙ): Мен Қостанай қаласынан келіп тұрмын. Жанымда жетекшім және тағы бір оқушы бар. +скл+ Курс барысында өңірдегі қоқыс түрлері мен оның индексін зерттейтін боламыз.  Осындай шаралар Қазақстандағы экологиялық мәселелерді шешуге үлес қосады деген ойдамын.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ»  ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
19:11, 12 тамыз 2022
«АҚ БИДАЙ» ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:11, 12 тамыз 2022
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
19:10, 12 тамыз 2022
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...