ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ТОСҚЫН Толығырақ

ЗАҢСЫЗ АҢ АУЛАҒАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ

14:24, 7 сәуір 2021

ДК: Ақмола облысының аумағында көктемгі аң аулау мерзімі 20 сәуірден 4 мамырға дейін жүргізіледі. Жыл басынан бері өңір бойынша аң аулау ережесін бұзған 23 дерек тіркелген.

РКС: Бұзақылар жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 382-бабының 1-ші тармағы бойынша оларға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған. Биыл өңірде заңсыз аң аулауға қатысты 3 қылмыстық іс тіркелді. Сандықтау аудандық сотының үкімімен 2 браконьер заңсыз елік аулағаны үшін бас бостандығынан айырылып, автокөліктері пен мылтықтары тәркіленген.

СНХ: ЕРЖАН САҒЫНАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ///аударма/// В прошлом году инспекцией выявлено 132 нарушения правил охоты...Былтыр инспекция аң аулау ережелерін бұзған 132 деректі анықтады. 13 хаттама толтырылды. 109 413 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. 6 қару тәркіленді. Қылмыстық Кодекстің 337-бабы бойынша заңсыз аңшылықпен айналысқандарға қатысты 19 қылмыс тіркелді. Ақкөл, Сандықтау, Жарқайың аудандық соттары елік пен жабайы қабандарды заңсыз аулаған 5 браконьерге қатысты үкім шығарды. Бір қалың қар үстінде жүретін арнайы техника мен екі мылтық тәркіленді. Былтыр жануарлар дүниесіне барлығы 13 миллион 247 мың теңге мөлшерінде залал келтірілді. Оның 5 миллион теңгеге жуығы өтелді.

РКС: Биыл жануарлар дүниесіне 1 500 000 теңгеге жуық залал келтіріліп, жергілікті бюджетке өтелді. Айта кетейік, көктемдегі аң аулау лимитін облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы белгілейді. Олар аңшылық шаруашылықтары арасында тендер өткізеді. Ақмола облысының өзінде 160 аңшылық шаруашылығы бар. Көктемгі аң аулау жылдық лимиттің 5 процентін ғана құрауы тиіс.

СНХ: АЙНА ӘУБӘКІРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ///қаз///Көктемгі аң аулау+СКЛ+аталық үйрек, құр және саңырау құрға 15 күннен аспаған мерзімде жүргізіледі. Тек қана қорықшының қатысуымен жүргізіледі.

РКС: Инспекция мамандары аңшылық маусымы басталған уақытта ережеге бағынып, заңсыз әрекетке бармауды қатаң ескертеді.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
19:39, 13 сәуір 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ САХНАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЮЗИКЛІ
19:34, 13 сәуір 2021
ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ САХНАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЮЗИКЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 150 ЖЫЛ!
19:40, 7 сәуір 2021
ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 150 ЖЫЛ!
Толығырақ...