ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТҰРАҚТЫ

19:17, 13 маусым 2022

ДК: Зеренді ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты. Бұл туралы аудан әкімі Әсен Жақсылықов баяндады. Өңірде 2 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Онда 5 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 262 жаңа жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық көрсеткіші біршама төмендеген.

РКС: Есептік кезеңде азаматтарды қабылдау мен халықпен кездесулер 144 рет өткізілген. Онда 400-ге жуық тұрғын қабылдауда болып, 200-ден аса мәселе көтерілген. Олардың 60 проценттейі жергілікті жерде шешімін тапқан.  

СНХ: ӘСЕН ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:  Кездесулер кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударамыз. Өткен жылдан бастап біз ерекше қажеттіліктері бар адамдармен ай сайынғы кездесулер өткізіп жүрміз, онда Зеренді ауданының барлық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары мен жауапты тұлғалары қатысады. Жалпы, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау тетіктері жан-жақты қарастырылған. Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге 27 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды.

РКС: Есепті кезеңде салықтардың түсімі жиырма жеті миллиард теңгеге жеткен. Ауыл шаруашылығы өнімінің өндіріс көлемі 1 миллиард теңге. Жылқы, қара мал мен қой-ешкі және құс басы бұрнағы жылдармен салыстырғанда едәуір өскен. Биыл аудан 286 мың гектар алқапқа дән сіңірді. Ауданда тұрғын үй құрылысы да қарқынды салынып жатыр.

СНХ: ӘСЕН ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:  Зеренді ауылында 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды, жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны 587 миллион теңге. Биыл жобаны іске асыруға 200 миллион теңге бөлінді. Жылумен жабдықтау нысандары мен инженерлік желілерін одан әрі жаңғырту аясында Зеренді ауылында қуаты сағатына 19,5 Гигакалорий болатын блоктық-модульдік қазандықты орнату жұмыстары аяқталды, бұл орталық қазандықтың қуатынан 3 есе көп қуат.

РКС: Елдімекендерді ұялы байланыспен және мобильді интернетпен қамтамасыз ету мәселелері де шешімін тауып жатыр. 9 ауылда ұялы байланыстың базалық станциясын орнату жоспарлануда. Курортты аймақтарды жарықпен қамтамасыз ету және үш ауылдың жолдарын жөндеу жұмыстары биыл жүзеге асырылмақ.

ЕРЗАТ СМАҒҰЛОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, РАХАТ ЖҰМАБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...