ШҰҒЫЛ! «АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

ЖАҒАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАМАЙДЫ

21:09, 21 маусым 2022

ДК: Шомылу маусымы басталғалы облыстың су айдындарында төтенше жағдайлар қызметі мамандарының талаптарына немқұрайлы қарайтындар көбейген. Аз ғана уақыттың ішінде 20-ға жуық дерек тіркеліп отыр. Демалушылар қайықтың түр-түріне құтқару кеудешелерінсіз, көбінесе ішімдік ішіп алып мінеді. Айта кетейік, жағажай әкімшілігі тарапынан да заң бұзушылықтар орын алған,-дейді мамандар.

РКС: Жыл сайын Ақмола облысының су айдындарында 30-ға жуық қайғылы оқиға орын алады. Әсіресе жазғы уақытта адам өлімі көбейеді. Биылғы шомылу маусымы басталғалы бері 3 бала суға батып кетті. Балаларды қараусыз қалдыру басты себеп. Қазір кешенді профилактикалық іс-шаралардың барысында тұрғындарды ескертудің жаңа әдістері қолданылуда.

ИНТЕРШУМ: суда кеудешесіз адамдар

СНХ: ҚАСЫМ ҚАЙРАТ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өткен демалыс күндері біздің қызметкерлер Бурабай курортты аймағы аумағында рейд шараларын өткізді. Демалушылардың өте көп болғанын айта кетуіміз керек. Қауіпсіздік шараларын сақтамағандардың қарасы да қалың. Көп ретте демалушылар қайықтың түр-түрін жалға алады. Бірақ, өз өміріне қауіп төндіретінін ескермейді. Өте өкінішті жағдай. Өзгені де ойлағандары абзал.

РКС: Соңғы күндері күн қатты ысып кетті. Осыған байланысты жағажайдағы демалушылар саны да біршама артқан. Суда жүзу құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау дерегі де көбейді,-дейді мамандар. Мұндай келеңсіздіктерге 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған.

СНХ: ЕРБОЛ ОРАЗБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Судағы клік саласындағы көліктік бақылау инспекциясы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті мамандарымен бірлесіп құқық бұзушылықтардың алдын-алуға қатысты іс-шаралар өткізеді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес қорғаныш киімінсіз қайықта немесе кемеде отырғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

РКС: Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің қызметкерлері алдағы уақытта көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп рейдтер өткізбекші. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі кодекстің 440-шы бабына сәйкес қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін айыппұл салынады. Сондай-ақ қорғаныш киімінсіз қайыққа мінгендерге де жаза қатаң. Айта кетейік, шомылу маусымы басталғалы бері ішімдік ішкен 62 адам айыппұл төлеген. Сонымен бірге инспекция мамандары 1 әкімшілік материал толтырған. 

ДИНАРА СМАЙЫЛОВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, ӘМІР  ҚОЙШЫБАЕВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫ БЕЛЕҢ АЛА БАСТАДЫ
20:20, 1 шілде 2022
ӨҢІРДЕ ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫ БЕЛЕҢ АЛА БАСТАДЫ
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ 160 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
20:19, 1 шілде 2022
БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ 160 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 МЕДИЦИНА САЛАСЫНА 73 МЛРД.ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
19:16, 30 маусым 2022
МЕДИЦИНА САЛАСЫНА 73 МЛРД.ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
 «АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
19:31, 28 маусым 2022
«АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРА...
Толығырақ...
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ АНЫҚТАЛДЫ
19:32, 28 маусым 2022
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...