ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ЖЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІ

17:44, 24 маусым 2022

ДК: Жайылымдық жердің тапшылығы қағаз бетінде ғана азайған. Бұл Президенттің сөзі. Шынымен аталған мәселенің айналасында дау көп. Аймақта да жағдай қиын. 558,8 мың гектар жер жетпейді. Арнамызға Біржан сал ауданы Ақбұлақ аулының тұрғыны хабарласып, мәселесін айтты.      

СНХ: НҰРЖАН ШӘРІПОВ, АҚБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ(БІРЖАН САЛ):  Ауылымыз кең жердің төрінде тұрса да, біз алақандай жерге зар болып отырмыз. Себебі белгісіз бір мекемелер өздерінің есептеріне түсіріп алған. Еш игерусіз сол кісілердің тізімінде тұр. Соларға 15-20 жылдан астам уақыт Үкімет ешбір шара қолданбағаны ма? Ешқандай шара жоқ па? 

РКС: Нұржан Шәріпов – Ақбұлақ ауылының тұрғыны. Өзі айтқандай 15 жылдан артық уақыт серіктестіктер  шаруа қожалықтарының жұмысына кедергі жасап отыр. Арыз-шағымын жергілікті әкімдікке айтқан. Алайда еш нәтиже жоқ,-дейді.

СНХ: НҰРЖАН ШӘРІПОВ, АҚБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ(БІРЖАН САЛ):  Осы жер болмаған соң мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алмаймыз. Үкіметтен бөлінетін субсидияны да ала алмай отырмыз. Теледидардан көрсетеді. Міне ауыл шаруашылыққа осынша қаржы бөлінді деп. Бірақ оның бірінде көріп отырған жоқпыз.

РКС: Аталған мәселеге қатысты жер қатынастары саласының мамандары пікір білдірді.  

СНХ: ЖҰМАЖАН БЕЙСЕНБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: Бұл мәселені шешу үшін шағымданушы жер қатынастары басқармасына жүгінуіне болады. Егер жер пайдаланылмай бос жатқаны туралы фактілерді байқасақ, бірден шаралар қабылданады. Содан соң іс сотқа жолданады.

РКС: Бұл бір ғана ауылдың мәселесі емес, мал ұстап отырған әрбір шаруаның бас ауруы. Бүгінгі таңда аймақта 558,8 мың гектар жер жетпейді. Әсіресе Біржан сал, Жарқайың, Ерейментау, Зеренді, Астрахан аудандарында. 605 елдімекеннің 437-сінде жайылымдық жер тапшылығы сезіледі.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...