ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ БІРНЕШЕ КӨЛ ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

ЖАҚСЫДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ АРДАГЕР

19:31, 6 мамыр 2021

ДК: Аймақтан қан майданға 83 мыңнан астам жауынгер аттанған екен. Соның тең жартысынан астамы елге оралмаған. Жыл озған сайын майдангерлердің қатары сиреп барады. Қазіргі уақытта облыс бойынша 20 ардагер ғана қалды. Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының мәліметінше осыдан тура 5 жыл бұрын олардың саны 164 еді. Мәселен, Жақсы ауданында бұл күні тек жалғыз  ардагер бар.

РКС: Анатолий Комяков биыл 96-ға аяқ басты. Ресей жерінде туып-өскен қария соғыс басталған тұста қолына қару алып майданға аттанған. Ардагер Донбасс, Украина, Австрия, Венгрия мемлекеттерін  азат ету ұрыстарына қатысқан. Ол майдан даласында төрт рет жараланып, өлім аузынан аман қалғанын айтады.

СНХ: АНАТОЛИЙ КОМЯКОВ,  МАЙДАНГЕР//аударма///1942 жылдың желтоқсанында мен 17 жасқа толдым. Ал, қаңтар айында мені майданға аттандым. Соғыстың үшінші  күнінде ақ менің оң аяғыма оқ тиді. Мені бірден госпитальге жатқызды. Мен бірақ онда көп жатпадым. Себебі оқ сүйекке зақым келтірмеді. Тек сан етті жаралапты. Ол тез жазылды. Бірақ менің аяғым бүгілмей қалды.

РКС: Майдан даласынан жарымжан болып оралған ардагер туған топырағында ұста болып еңбек етті.  Ал, 1962 жылы ол Қазақстанға қоныс аударады. Ақмола облысы Жақсы ауданына қарасты Қима ауылына көшіп келіп, 33 жыл ұсталық жолын жалғастырды. Мереке қарсаңында аудан әкімі Бауыржан Мәлғаждаров ардагерге арнайы барып, өзінің жылы лебізін жеткізді.

РКС: Айталық, ардагер сұрапыл соғыстағы жанқиярлық ерлігі үшін III дәрежелі Даңқ орденімен, «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды. Сондай-ақ, «Жақсы ауданының құрметті азаматы» атағы берілген. Бүгінде ауданда Жеңістің бейбіт күнін сыйлауға атсалысқан барша ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілуде.

СНХ: ЗИЯДА НҰРЖАН, АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ///қазақша/// Ұлы жеңістің 76 жылдық мерейтойы қарсаңында біз өңірдегі бірқатар ардагерлерге құрмет көрсетіп жатырмыз. Аудандық бюджеттен 3 млн. 600 мың теңге бөлінді. Атап айтсақ, аудан бойынша бізде Ұлы Отан соғысына қатысқан жалғыз ардагерге 1 млн. теңге берілді. Жақында ғана апарып арнайы табыстадық. Сондай-ақ, ауған соғысына және Чернобыль апатына қатысқан жауынгерлерге 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қаржы үлестірілді. Оның сыртында соғыс жылдары қызмет еткен 4 тыл ардагеріне және сол жылдары қарқынды жұмыс істеген 58 адамға 30 мың теңгеден берілді.

РКС: Жақсы ауданынан майданға 500-ден астам адам аттанған. Өкінішке орай, жауынгерлердің тең жартысы ұрыс даласынан қайтпады. Бүгінде ауданда осы батырлардың есімін ұлықтау бағытында үлкен жұмыстар атқарылып жатыр.  

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
14:06, 18 маусым 2021
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
Толығырақ...