
ДК: Жарқайың ауданында жеке тұрғын үй мен ауыл шаруашылығы мақсатындағы ғимараттарды салу және іске қосу белсенді жүргізілуде. Сондай-ақ6 кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласы белсенді дамуда. Ауданда жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1 185 бірлікті құрайды, онда 3 000-нан астам адам жұмыспен қамтылған.
РКС: Жарқайың ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты сипатқа ие. Аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру және экономикалық өсу бойынша шаралар жүзеге асырылуда. Айта кетейік, мұнда республикалық «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры іспеттес «Бірлік Жарқайың» құрылды.
СНХ: ЖАНБОЛАТ ХАМИТОВ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Қордың басты мақсаты қоғамға әлеуметтік мәселелерді шешуге көмек көрсету болып табылады. «Бірлік Жарқайың» қоры жинаған қаражат азаматтардың әлеуметтік осал топтарына материалдық көмек көрсетуге, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуге бағытталатын болады. Сондай-ақ Қор әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға бағытталған бағдарламаларды іске асыруға қатысатын болады.
РКС: Аграрлық секторды дамыту жөніндегі барлық іс-шаралар нарықта сұранысқа ие өнім өндірісін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді іске асыруға бағытталған. Аграрлық сектордың тиімді жұмысы экономикалық өсудің негізгі факторы болып табылады.
СНХ: ЖАНБОЛАТ ХАМИТОВ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Жарқайың ауданы еліміздің ірі астық егетін өңірлерінің бірі ретінде жетекші орын алады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісі 1 миллион теңгеден асты, оның ішінде мал шаруашылығы бойынша. Өнімнің нақты көлем индексі-100,8% құрайды.
РКС: Аудан бойынша биыл бір қызметкерге орташа айлық жалақы 163 722 теңгені немесе былтыр 116,9% деңгейін құраған. Осы көрсеткіштер бойынша Жарқайың ауданы облыста 19-шы орында тұр. Айта кетейік, өңірде 17 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қала бар.
ЕРЗАТ СМАҒҰЛОВ, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ