ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ҚАРИЯЛАРҒА ҚОЛДАУ ЗОР

18:26, 30 сәуір 2021

ДИКТОР: Он саусағынан өнер тамған қариялар. Шаһардағы жалғызбасты зейнеткерлерге арналған пансионаттың қарттары уақытты құр босқа өткізбейді. Қолдары қалт етіп босай қалса қариялар ағаш, қағаздан кәдеге жарар түрлі бұйым жасайды. Ал, орталықтағы нәзік жандылар кесте тігіп, әртүрлі әшекей жасауға бейімделіп алған. Айтулы мерекесі қарсаңында облыс әкімі Ермек Маржықпаев пансионатқа арнайы барып, зейнеткерлердің зерделі бұйымдарымен танысып қайтты.

РКС: Бұл Алексей Федоровичтің төл туындылары. Зейнеткер бала күнінен қағаз бен ағаштан түрлі бұйым жасауға әуес. Әсіресе, өзі кәсіби балықшы болған соң қайық жасағанды ұнатады. Эскизді өзі сызып, қажетті материалдарды зейнетақысының бір бөлігіне алатынын айтады.

СНХ: АЛЕКСЕЙ ВОЛЧЕНКО, ЗЕЙНЕТКЕР////аударма// Міне өзіңіз көріп тұрғандай бұл қарапайым картон қағазы. Алдымен осылай қайықтың макетін жасап алам. Кейін мүмкіндік болып жатса осыған қарап шын қайықтықты құрастырамын. Тек бір адамға шақталған қайық жасаймын. Ағаштан жасалған қайық қауіпсіз болады. Мен бірде резенкеден жасалған қайықпен балыққа шығып, көл бетіндегі қамыстар қайықты жарып, мен аударылып қалып едім. Міне содан кейін осы ағаштан қайық жасауды қолға алдым. 

РКС: Зейнеткер осыдан бірер жыл бұрын жарынан, ал өткен жылы жалғыз баласынан айырылған. Тағдыр тәлкігіне түскен қария амалсыздан осы орталыққа келіпті. Қазіргі таңда негізгі ермегі осы. Өңір басшысы Ермек Боранбайұлы зейнеткердің туындыларына жоғары баға беріп, табыс тіледі.

РКС: Негізінен пансионат 20 орынға шақталған. Қазіргі таңда мұнда 12 адам қоныстанған. Оларға барлық жағдай қарастырылған.

СНХ: ИРИНА КАТЫКОВА, ПАНСИОНАТ МЕҢГЕРУШІСІ//аударма/// Бізде қарт адамдармен қатар орта жастағы азаматтар да бар.  Мәселен, мүмкіндігі шектеулі 30 жастағы бір нәзік жанды бар. Оның барар жері болмағандықтан, осы орталыққа орналасты. Біздің панционатта 6 мезгіл тамақ беріледі. Түрлі үйірмелер де қарастырылған.

РКС: 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында орталық жұмысымен танысқан облыс әкімі жоғары баға берді. Ал, зейнеткерлерге арнайы сыйлығын табыстап, жүрекжарды лебізін жеткізді.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ///қазакша///Сіздерге зор денсаулық тілеймін. Мереке қарсаңында арнайы келдік.  Біздің сіздерге деген шағын сыйлығымыз. Кешке асықпай отырып осы тәттілермен шәй ішіңіздер.

РКС:   Сонымен қатар, бүгінде пансионатта 10-нан астам адам еңбек етеді. Олардың қатарында қарияларды күтетін кезекшілер, медбике және психологта бар. Олар екі кезекте жалғызбасты зейнеткерлердің жайлы өмір сүрулеріне жағдай жасауда.  Осылайша, «Доброе сердце  lider.kz» қоғамдық қорының бастамасымен ашылған орталық жұмысы алдағы уақытта жандана береріне  сенім мол.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...