ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

ЖАЛЫНДЫ ЖЫЛДАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ

20:43, 22 маусым 2021

 

ДИКТОР: Көкшетау қаласының тұрғыны Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ордендер мен медальдарды жинақтаған. Олардың қатарында көптеген марапаттар мен коллекциялық көшірмелер бар. Ішкі істер органдарының ардагері Уәлихан Смағұлов тарихқа әуес, сондықтан ол өзінің хоббиін соғыс алаңында болған әкесінің естелігімен байланыстырады.

РКС: Уәлихан Смағұловтың коллекциясында жүзден астам ордендер мен медальдар бар. Оларды 20 жылға жуық уақыт жинаған.  Десе де, көпшілігі  көшірмелер, бірақ  бұрыннан сақталып келе жатқан жәдігерлер де бар.

СНХ: УӘЛИХАН СМАҒҰЛОВ, ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ АРДАГЕРІ: //аударма//  Естеліктерді жинаумен бала кезімнен айналысып келемін.  Содан кейін 87 жылдан бастап әкемнің наградаларын қалпына келтіре бастадым.  Осылай Ұлы Отан соғысының медальдарын жинауды мақсат еттім.

РКС: Жақында ғана Уәлихан Смағұловтың коллекциясы соғыс жылдарындағы ең жоғары әскери награда — Жеңіс орденімен толықты. Бұл сондай-ақ муляж, түпнұсқа қымбат металдардан жасалып, гауһар тастармен қапталған.

СНХ: УӘЛИХАН СМАҒҰЛОВ, ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ АРДАГЕРІ: //аударма//  Әкем соғыс туралы көп айтқан жоқ, өйткені бұл тұрғыда олар қарапайым болды. Ол Батыс Украинада қызмет етті. Сол жерде бірінші бомбаны көріпті. Олар Кавказға шегініп Батыс Еуропаның кеңестік бөлігінен өткен. Мен мектеп оқушыларына көрмелер өткізіп тұрамын, олар болашақта жеңістің қандай қиындықпен келгенін білуі үшін.

РКС: Ардагер марапаттар жинағын одан әрі толықтыруға ниетті. Уәлихан Смағұлов бұл медальдар Ұлы Отан соғысының тарихы туралы ғана емес, әрбір медальда — жеке сарбаздың тарихы мен тағдыры бар дейді

АБЗАЛ ЖҰМАБЕК, КАМШАТ ТАКИШЕВА, ДАРХАН МҰЖҰБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
21:28, 3 тамыз 2021
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
21:27, 3 тамыз 2021
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
Толығырақ...
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
21:24, 3 тамыз 2021
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
18:59, 28 шілде 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
19:10, 28 шілде 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
Толығырақ...