ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

ЖАЛЫНМЕН ЖАНАЛЫСҚАНДАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ЕРЕН

20:32, 20 қазан 2021

 ДИКТОР: Жарқын Шаяхимов - бейбіт күннің батыры. Ол туралы барлық ақпарат құралдары жарыса жазуда. Себебі ол Көкшетау қаласындағы көп қабатты пәтерлердің бірінде болған өртті ауыздықтады. Алдын ала мәліметке сәйкес, пәтер иелері орталық газ болмаған кезде баллонды пайдаланған. Ал орталық газды қосқанда жарылыс болған.

РКС: Өмір мен өлім қатар келген қас-қағым сәтте еш ойланбастан көзсіз батырлыққа барып, жанкешті әрекет жасағандар аз емес. Есімін мақтанышпен атайтын сондай азаматтардың бірі – Жарқын Қуандықұлы. 13 қазан күні Көктем шағын ауданында болған төтенше жағдайда алғашқылардың бірі болып тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарған. Абырой болғанда барлығы дін аман.

СНХ: ЖАРҚЫН ШАЯХИМОВ, ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІСІ: Төтенше жағдай мен тұратын шағын ауданда болды. Мен дереу балаларды,тұрғындарды далаға шығаруға тырыстық.Сосын өрт сөндіруге тырыстық. Тағы екі жас жігіт көмектесті.  Пәтерде газ жарылды.Мен үйге қайта кіріп счетчикке су құйдым.Өшпеді. Кухнядағы кранды жауып ары қарата су шаштық. Үлкен залал келтіретіндей жарылысқа жол бермедік.Өрт сөндіру қызметкерлері оқиға орнына дереу келді.

РКС: Осы салада 20 жыл еңбек етіп келген Жарқын Қуандықұлының  мінсіз қызметі үшін түрлі деңгейдегі марапаттары бар. Айтып келмейтін апат кезінде адамдарды құтқару азаматтық борыш, деп санайды.

СНХ: ЖАРҚЫН ШАЯХИМОВ, ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІСІ: Әр апаттық жағдайға барған сайын халықтың алғысын аламыз. Өрт сөндірушінің негізгі мақсаты төтенше жағдайды болдырмау. Адамдарды құтқару. Кәсібіне берік болу керек.

РКС: Сонымен қатар құртқарушы тұрғындарды барлық өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...