ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗУ

19:07, 28 шілде 2021

 

ДК: Ақмола облысында жыл санап білім ошақтарының саны артып келеді. Мәселен, осы оқу жылында 6 мектеп пайдалануға берілмек. Оның 4-і Целиноград ауданының аумағында.   Осылайша, аймақтағы 3 ауысым мәселесі біртіндеп шешілмек. Қазіргі таңда сала мамандары жаңа оқу жылына дайындықты пысықтап, білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды қамдап жатыр. Айталық, осы оқу жылы дәстүрлі режимде басталады деп жоспарланған.

РКС: Биыл өңірдегі 14 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.  Оған республикалық және облыстық бюджеттен 3 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылып отыр. Ал, қалған білім мекемелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

СНХ: МАХАББАТ АХМЕТЖАНОВА, №5 ТАҢДАУ КӨПСАЛАЛЫ ГИМНАЗИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жылу жүйелері тазартылып, қалыпқа келтірілді. Санитарлық талаптарға сәйкес барлық дезинфекциялық құрылғылар сатып алынды. Оның ішінде антисептиктер мен дене қызуын тексеретін тепловизорлар бар. Техникалық базаға тоқталсам, оқушылар компьютермен және кітаппен 100 процент қамтылады.

РКС: Иә, техникалық базаны нығайту басты назарда. Бүгінде мектептердегі компьютер саны 45 мыңды құрайды. Яғни, осы жылы компьютерге сұраныс жоқ. Ал, оқулықтар жаңартылады.

СНХ: ВАЛЕРИЙ ГАМАЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Осы жылы кітап алуға, бірінші сыныптың оқулықтарын жаңартуға байланысты барлық баспалармен келісім-шарт жасалды. Бұл бағытта қазынадан 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Оқулықтардың алғашқы легі осы аптада жеткізіледі. Содан кейін барлық білім беру мекемелеріне үлестіріледі.

РКС: Жаңа оқу жылындағы жақсы жаңалық. Енді аймақтардағы мұғалім тапшылығы жойылады. Жас мамандарды тарту мақсатында кадр мәселесі түбегейлі шешілмек.

СНХ: ВАЛЕРИЙ ГАМАЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Облыс бойынша 400-ге жуық жас маман өз жұмысын бастайды. Сондай-ақ, биыл алғаш рет Ақмола облысы әкімінің грантымен білім алған түлектер де қызметке кіріседі.

РКС: Биыл Ақмола облысы бойынша 552 мектеп жаңа оқу жылын  бастауға қамданып жатыр.   130 мың  оқушы мектеп табалдырығын аттайды. Соның 13 мыңы бірінші сыныпқа қабылданбақ.

STAND-UP: АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ТІЛШІ: Байқағанымыздай, өңірде жаңа оқу жылына дайындық қарқынды. Алдағы уақытта балалардың ойлау қабілетін дамыту мақсатында бірқатар білім беру нысаны қосымша IT кабинеттермен жабдықталады. Осылайша, мектеп оқушылары заман талабына сай, инновациялық біліктіліктерін одан әрі шыңдай түседі.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...