ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА МЕКТЕПТЕР ТОЛЫҒЫМЕН ДАЙЫН

17:23, 9 қыркүйек 2021

ДИКТОР: Өңірдің барлық білім ошағында сабақ басталды. Биыл эпидахуалға қарамастан оқу орындары дәстүрлі оқу форматына көшті. Санитарлық қауіпсіздікті сақтау үшін облыс мектептері дезинфекциялық құралдармен толық қамтамасыз етілген. Бұл мақсатқа жергілікті бюджет есебінен 115 млн теңге бөлінді. 

РКС: Жаңа оқу жылында облыстың білім беру мекемелерінде 130 мыңға жуық шәкірт тәлім алады. Олардың 15 мыңға жуығы бірінші сынып оқушысы. Облыс бойынша 20 мыңнан астам ұстаз сабақ береді. Білім ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайту мәселесі әлі де жалғасуда. 

СНХ: БЕЙБІТ ЖҮСІПОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Естеріңізге сала кетейін, 2020 жылы облыстық, аудандық бюджет қаражаты есебінен 2684 компьютерлік техника сатып алынды. Бұдан басқа, ҚР Үкіметінің резерві есебінен 26 977 бірлік компьютерлік техника сатып алынып, мектептерге берілді. Бүгінде облыс мектептерінде 45 мыңнан астам компьютерлік техника бар. Осының барлығы «9 оқушыға 1 компьютер»көрсеткішін «3 оқушыға 1 компьютер» деңгейіне дейін жақсартуға мүмкіндік берді.

РКС:Айта кетейік, «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен 13 мыңға жуық отбасына көмек көрсетілген.

СНХ:БЕЙБІТ ЖҮСІПОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: 10:29 2021 жылы мектеп оқушыларының ыстық тамағын ұйымдастыруға және мектеп формасын, кеңсе тауарларын сатып алуға жалпы білім беру қоры бойынша 1 млрд. 116 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күні облыс бойынша аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан  балалардың саны 16 мыңнан асады. Оның  1300-ге жуығы 1-сынып оқушысы.

РКС: Сабақтың ұзақтығы 40 минут, ал үзіліске әр сынып әр уақытта шығады. Коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған балалар қашықтан оқытылады.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...
 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...