ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ЖАҢАРТЫЛҒАН КОНСТИТУЦИЯДА НЕ ӨЗГЕРЕДІ?

20:18, 6 маусым 2022

ДИКТОР: Референдум аяқталды. Енді Конституцияның 33 бабына өзгерістер енбек.  Оның маңызды тұстарына тоқталсақ.

РКС:  1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституцияға осы уақытқа дейін 4 рет түзетулер енгізілді. Оның барлығы тек Парламентте талқыланып, мақұлданған болатын. Яғни, қарапайым халықтың Ата заңға еніп жатқан өзгерістерге еш әсері болмаған. Салдарынан жұрт елде орын алып жатқан саяси науқандарға селқос қарай бастады. Бұл жүйенің алысқа шаппайтыны белгілі. Сондықтан да, жақын арада Ата заңға енетін өзгерістерді қабылдау, қабылдамау таңдауын халыққа берілді. Ал енді жаңартылған Конституцияда не өзгереді? Оның маңызды бағыттарына тоқталсақ.

ИНФОГРАФИКА МӘТІНІ: Қазақстан суперпрезиденттік басқару жүйесінен күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет қағидатына көшеді. Яғни, енді барлығы тек мемлекет басшысына келіп тірелмейді. Бұл қалай жүзеге асады? Біріншіден, Президент өз өкілеттілігі кезеңінде ешқандай саяси партияға мүше болмайды. Екіншіден, Мемлекет басшысының туыстары мемлекеттік қызметтің басшылық лауазымында бола алмайды. Үшіншіден, Президенттің аудан, қала, ауылдық округ әкімдерін қызметтен босату құқығы жойылады.

ИНФОГРАФИКА:

Суперпрезиденттік басқарау жүйесінен  классикалық президенттік республикаға көшу

  1. Саяси партияға мүшелік етпейді
  2. Туыстары мемлекеттік қызметтің басшылық лауазымында бола алмайды
  3. Аудан, қала, ауылдық округ әкімдерін қызметтен босату құқығы болмайды

СНХ: БЕКНҰР АМАНГЕЛДІ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ: Жалпы суперпрезиденттік билік классикалық президенттік билікке өтті, одан кейін парламенттік республика мәселесінде жалпы болашақта біз соған нақты қадам басып келе жатырмыз. Себебі заманауи қоғамда, президенттік республика аса қатты маңызды рөл ойнамайды.+скл+ президенттік республиканың өзгеруі ол алдымен демократиялық институттардың өзгеруіне алып келеді. Мен сіздерге демократиялық институттарының екі негізін айтып берейін. Бірінші негізі, ағылшын тілде екі сөз бар «инклюзив» және «экстратив» деген екі сөз бар. Инклюзив деген сөз жаңағыдай адамдарға көмектесу, жағдай жасау. Эктратив ол адамдарды қысу, қысым көрсету болып табылады. Олардың айырмашылығы Еуропа, Америка елдерге қарасақ оларда нақты, берік инклюзивті институттар орын алған. Инклюзивті инститтутар негізі алдымен саяси институттардан басталады. Саяси институттар саяси өзгерістерден басталады.

ИНФОГРАФИКА МӘТІНІ: Келесі бағыт. Бірқатар билік өкілеттіктері қайта бөлінеді. Біріншіден, сенаттағы президенттік квота 15 депутаттан 10-ға қысқарады. Екіншіден, Сенат Конституциялық Кеңес пен Жоғары Сот Кеңесі төрағаларының қызметіне Президент енгізетін кандидатураларды мақұлдай алады. Үшіншіден, Конституциялық сот құрылады. Төртіншіден, Жоғары аудиторлық палата қайта құрылады. Ол депуттардың бюджетін бақылауды кеңейтеді. Бесіншіден, Мәжіліс депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Яғни, 70 проценті пропорционалды, яғни партия атынан, ал 30 проценті мажоритарлық негізде.  Сондай-ақ, аудандар мен қалалардағы сайлау толық мажоритарлық жүйеге көшеді.

ИНФОГРАФИКА:

Бірқатар билік өкілеттіктері қайта бөлінеді

  1. Сенаттағы президенттік квота 15 депутаттан 10-ға қысқарады
  2. Сенат мемлекет басшысы енгізетін кандидатураларды мақұлдай алады
  3. Конституциялық Сот құрылады
  4. Жоғары аудиторлық палата қайта құрылады
  5. Мәжіліс депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады
  6. Аудандар мен қалалардағы сайлау толық мажоритарлық жүйеге көшеді

СНХ: МАРАТ ҚОЙШИН, ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН МӘДЕНИЕТІ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Енді сайлауда тек қана үкіметтің атынан шыққан әкім ғана емес, сондай-ақ халық арасынан шыққан болса, сол кезде ғана конкуренция болмақ. Аудан әкімін де халық  сайлайтын болады. Ол да үлкен бастама. Мен оны былай түсінемін, мысалы, Зеренді ауданында халықтан шыққан, оқыған-тоқыған біреу бар делік. Соны жұрт өзі ақылдасып сайлайды. Сонда әкім де жауапкершілікті сезінетін болады.

РКС: Келесі бағытта Конституцияға негізгі заңда халық жер мен табиғи ресурстардың меншік иесі екендігі туралы норманы бекітеді. Бұл да ел үшін аса маңызды болмақ.

СНХ: БЕКНҰР АМАНГЕЛДІ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ:   Қасым Жомарт Тоқаев конститутцияның алдында бір ұсыныс енгізді ғой: «Жер астындағы байлық түгелдей халықтың меншігі» екен. Бұл жаңалық емес, кезінде 1917 жылы алашорданың конститутциясында жазылған  «Жердің астыңғы, үстіңгі байлықтары халыққа тиесілі» деп және де жерге байланысты қазақта «Жер дауы-жесір дауы» дейді қазір әрине, жер дауы мәселесі көп. Әсіресе ауылды жерлерде, ауыл шаруашылығы, мал жайлайтын жерлер көбіне жеке-меншіктің қолына өтіп кетті. Сол кісілер ренжиді, қатты ашуланады. Бұл мәселені бейбіт түрде шешуді қарастырып отырмыз. Сондықтан жер бойынша реформа жүргізу әсіресе халыққа қажетті жер беру керек. Себебі экономиканың негізі ауыл шаруашылығыныңда негізі жер. Сондықтан ең бастысы осы өзгерістер бола жатады деген сенімдеміз.

РКС: Ата заңға енетін бұл өзгерістер мен түзетулердің барлығы демкоратиялы Қазақстанның алғашқы сатысы болмақ.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ»  ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
19:11, 12 тамыз 2022
«АҚ БИДАЙ» ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:11, 12 тамыз 2022
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
19:10, 12 тамыз 2022
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...