ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

ЖАНЫ САУДЫҢ-ТӘНІ САУ

19:28, 21 мамыр 2020

 

ДИКТОР: Өңірде   қан айналымы мен онкологиялық ауруларға шалдыққандар көп. Осы  ретте салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының  мамандары  дұрыс тамақтанып,  спортпен шұғыдануға шақыруда.

РКС: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек,  адам денсаулығының 50 проценті салауатты өмір салтын ұстануға байланысты. Ал, 20% тұқым қуалаушылықтан болуы мүмкін деген болжам бар. Тек 10%  пайызы ғана медицина саласына қатысты екен.

СНХ: ЗАРИНА ПЕТУХОВА, ОБЛЫСТЫҚ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ//РУСС//Зиянды әдетттерге мәселен темекі шегу, ішімдік ішуге әуес адамдардың өмір сүру жасы кемінде 15 жылға қысқарады. Егер адамдар өз денсаулығын қолға алып, салауатты өмір салтын ұстанса, сәйкесінше өмір сүру жасы да ұзарады. Мәселен, қалыпты ұйқы, пайдалы тамақ пен спорт тікелей әсер етеді.

РКС: Бұл «Street workout» спорт клубының күнделікті жаттығу барысы. Белсенді жастар команда құрып,  дала спортымен белсенді айналысуда. Салауатты өмір салтын ұстану олардың басты бағыттарына айналған.

СНХ: ИМРАН ИБРАГИМОВ, «STREET WORKOUT» СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ ///рус// street workout дала спорты. Таза ауада шынығамыз. Өзім үш жылдан бері айналысып келемін. Көбіне жастар өздері қызығып тартылуда. Әрине спортпен шұғылданғаннан  кейін  дұрыс тамақтанып, темекі шекпеу керек. Жыл сайын жарыстар болып тұрады. Мен жастарды денсаулықтарына бей-жай қарамауға шақырамын.

РКС: Қазақстанда  қазір өмір сүру ұзақтығы шамамен 72 жасты құрап отыр. Мәселен, өңір мамандарының айтуынша, Ақмола өңірінде халықтың орташа өмір сүру деңгейі 71 жас.  

БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЙ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

15:11, 31 мамыр 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ЭКСПОРТТАУ МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...