ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ БІРНЕШЕ КӨЛ ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР АНТ БЕРДІ

19:32, 6 мамыр 2021

ДК: Ақмола облысы құтқарушыларының қатары көбейіп келеді. Нақтырақ айтсақ, Көкшетау қаласындағы мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне қызметке тұрған 20 жас құтқарушы ант берді. Сонымен қатар, құтқарушылар Ұлы Жеңістің 76 жылдығы мен Отан қорғаушылар күні қарсаңында ұйымдастырылған шара барысында қарағай көшеттерін отырғызды.

ЖКС: Өңірлік оқу орталығында арнайы дайындықтан өткен курсанттар салтанатты түрде ант берді. Енді олар ресми түрде №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру құтқарушылары атанды. Жас құтқарушыларға құтқару қызметінің ардагерлері мен төтенше жағдай департаментінің мамандарі тілектерін білдірді.

СНХ: НҰРЛАН АТЫҒАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ  ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: (аударма)///Бүгінгі күні өрт сөндіруші - құтқарушы мамандығы еліміздегі сұранысқа ие мамандықтардың бірі.  Құтқарушылар күн сайын нағыз ерліктің үлгісін танытады. Адамдарды өрттен алып шығу үшін өз өмірлерін қауіпке тігеді. Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері атынан табиғи және техногендік сипаттағы жағдайларға шұғыл түрде көмек көрсетуге дайынбыз дегім келеді.

РКС: Ант бергендердің арасында жас өрт сөндіруші-құтқарушы Дәуірбек Ибрахим да бар. Ол осы мамандықты бала кезінен армандапты. Үш айлық оқыту курсынан өткен соң сүйікті қызметіне орналасқан.

СНХ: ДӘУІРБЕК ИБРАХИМ, МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ҚҰТҚАРУШЫСЫ///қазақша///Мектепті бітірген соң өрт сөндіруші мамандығына колледжге оқуға түстім. Жарты жыл бұрын таңдаған мамандығым бойынша жұмысқа орналастым. Болашақта жоғары оқу орнына түсіп, өзімнің сүйікті мамандығымның шщебері болсам деймін. Түрлі оқыс оқиғалардан адамдарды құтқару менің басты парызым деп санаймын. 

РКС: Департамент басшылығы өрт сөндіруші-құтқарушылардың теориялық және практикалық жағынан жұмысқа кірісуге дайын екенін айтады. Алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетудің қыр-сырын меңгерген. Департаменттің бөлімшелерінде 2 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді. 

РКС: Курсанттар мен төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің басшылығы №2 өрт сөндіру бөлімшесінің аумағында қарағай көшеттерін отырғызды. Осылайша олар көрікті Көкшені көгалдандыруға үлес қоспақшы. 

СНХ: МАНАРБЕК ШАПАҒАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ///аударма///Ағаш көшеттерін отырғызу бізде игі дәстүрге айналған десек те болады. Жыл сайын мемлекеттік мерекелерде осындай шараны өткіземіз. Жас ұрпақты табиғатты аялауға үйретуге тырысамыз. Жаңа ғана ант қабылдаған өрт сөндірушілер осы акцияға қатысып жатыр. 

ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, АСЛАН АБУТАЛИПОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
14:06, 18 маусым 2021
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
Толығырақ...