ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕКТЕБІ

19:17, 18 қараша 2021

ДК: 88 студент жас мемлекеттік қызметшілері мектебіне қабылданды. Мектептің миссиясы - келешегі зор әрі талантты жастар арасынан болашақ кандидаттарды мемлекеттік қызметке даярлау. Студенттер осы мектеп арқылы университет қабырғасында жүріп тәжірибеден өтіп, болашақ жұмыс орнын таңдауға мүмкіндік алады.

РКС:  Мектептің жұмысыа лғаш 2018 жылы басталған. Содан бері 205 студент аяқтаған. Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарының алдында бәсекеге қабілетті,кәсіби білікті маман даярлау міндеті тұр. Университет ректоры Сағынтай Елубаев одан әрі жұмысқа орналасудың тамаша мүмкіндігі екенін атап өтті.

СНХ: САҒЫНТАЙ ЕЛУБАЕВ, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ: ҚР мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметке талантты,білімді,болашағы зор жастарда тартуды көздейтін мектептің жұмысын қайта жандандырды. Департаменттің оқу орындарымен үйлесімді жұмысының арқасында студенттер мемлекеттік қызметтің құндылықтары мен қағидаттарын түсінеді. Кәсіби құзыреттерін қалыптастырып,біліктіліктерін арттырады.

СНХ: БЕРГЕН БЕСПАЛИНОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Мамандық таңдау кез келген адамның тағдырын айқындайтын күрделі және жауапты қадам.Бұл таңдау мүмкіндігінше саналы,қоғамның мүдделеріне сай болуы керек.Департамент мемлекеттік қызметшілер қатарында елге қызмет етуге дайын жас мамандарға жәрдемдесуге дайын. Дәріс берушілер ретінде мектепке мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол бар практиктер жұмылдырылды.

РКС:Мектептің оқу кестесіне сәйкес сабақтар 23 қарашадан басталады. Оқуды сәтті өткен студенттер сертификатқа ие болады.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ,  КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...