ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ 400 АДАМ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ Толығырақ

ЖАСТАР АРАСЫНДА БИ ӨНЕРІ ЕРЕКШЕ НАСИХАТТАЛЫП КЕЛЕДІ

21:19, 8 қараша 2021

ДИКТОР: Мемлекет мәдениет саласына қашаннан ерекше қолдау танытады.  Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде салаға енгізілген өзгеріс елеулі. Ақмола облысында хореография бағыты қалай дамып жатыр? Толығырақ келесі бейнематериалда.

РКС: Революцияға дейін ақсүйектердің балалары тіл меңгерумен қатар міндетті түрде музыка, сурет салу мен би өнерін үйренетін. Би өнері бүгін де жас буынның арасында кеңінен танымал. Хореограф мамандығын икемді де еңбекқор жандар таңдайды. Олар бала кезінен арнайы үйірмелерге қатысып, буындарын жаттықтырады. Хореографиялық өнерді дәріптеуде Сандықтау ауданының орталығындағы «Сарыарқа» мәдениет үйі үлгі болып келеді.  Мұнда 10 жылдан бері «Реверанс» хореографиялық ансамблі жұмыс істейді.

СНХ: АНТОН ШЕВЦОВ, «РЕВЕРАНС»  АНСАМБЛІНІҢ  ХОРЕОГРАФЫ: Әрине, басында үйірмеге бала жинау қиын болды. Неден бастарымды білмедім. Менің сабағыма оқңушылар нендей ерекшелік үшін келуі керек деген сұраққа жауап іздедім. Осының бәріне уақыт өте келе қол жеткіздім. Нәтижесінде «Реверанс» ұжымы өз аяғына тұрды. 

ИНТЕРШУМ

РКС: Бүгінгі таңда аталмыш ансамбль  Сандықтау ауданының қоғамдық-мәдени өміріне белсене қатысып жүр. Облыстық көркемөнерпаздар байқауларына да бірнеше мәрте қатысты. 2016 жылы  «Реверанс» ұжымы Көкшетау қаласындағы  «Дельфий ойындарының»  жеңімпазы атанған.

СНХ: АНТОН ШЕВЦОВ, «РЕВЕРАНС»  АНСАМБЛІНІҢ  ХОРЕОГРАФЫ: Барлық өнер сайыстарына қатысуға тырысамыз. Бірақ үнемі мүмкін бола бермейді. Өйткені бәрі қаржыландыруға келіп тіреледі. Қолымыздан келетін, табанымыз жететін жердің бәріне баруға тырысып-ақ келеміз. 2020-2021 жылы Көкшетау қаласында өткен хип-хоп фестивалінің жеңімпазы атандық.

РКС: Бүгінгі таңда «Реверанс» ұжымында жас ерекшеліктеріне сай үш құрам бар. Жыл сайын ұжым жаңа буынмен толығып отырады.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ,  КӨКШЕ АҚПАРАТ.

 

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ  ӨСЕДІ
17:50, 19 тамыз 2022
МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ ӨСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
19:07, 15 тамыз 2022
ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
Толығырақ...