ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ҚЫЛМЫС ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕДІ Толығырақ

ЖАСТАР АРАСЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НАСИХАТТАУ

13:05, 25 қаңтар 2021

ДИКТОР: «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы жанынан құрылған «Мирас» қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға кеңес мүшелерімен қатар «Жас Отан» жастар қанаты, студенттер мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау мәселесін талқылады.

РКС: «Мирас» қоғамдық кеңес мүшелері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік басты құндылығымыз» атты мақаласының басым бағыттарын талқылады. Ел тәуелсіздігінің нығаюы мен кемел ел болуда жастардың рөлі ауқымды екені айтылды. Жастардың ел ісіне араласуы, қоғамда белсенді болуы, ойын ашық айтуы Президент айтқан «Кемел мемлекет» құрудың алғы шарты екеніне тоқталды.  Сондай-ақ, тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында атқарылатын жұмыстардың да жоспары  қаралды. Ал, бас қосудың негізгі көздеген мақсаты – жастардың ұлттық санасын оятып, олардың бойында Отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.
СНХ:ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВ, «МИРАС» ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ///қаз///Қазақстанның осы күнге жеткен жетістігін ешкім де тарихтан сызып тастамайды. Біздің алдымызда Тәуелсіздікті одан әрі нығайту, кемел ұлт болу, еіліміздің экономикасын нығайту, қоғамды одан сайын демократияландыру сынды маңызды мәселелер тұр. Бұл міндеттерді уақыттың өзі біздің алдымызға қойып отыр. «Мирас» қоғамдық кеңесі  біздің халқымыздың қандай пікірі бар, қандай ойы бар соны білу. Оны «Нұр Отан» партиясының басшыларына жеткізіп, одан әрі олар билікке жеткізу сияқты, халық пен соның ішінде, творчестволық интеллигенциямен байланыс жасайтын көпір сяқты сезінеміз өзімізді.

РКС: Қоғамдық кеңестің негізгі құрамы өңірдің әдебиеті мен мәдениетіне еңбегі сіңген тұлғалар мен белсенді жастар. Олар бүгінгі қоғамда патриотизмді қалыптастыру үшін осындай жиындардың тигізер пайдасы зор екенін айтады.

ТАБЫСБЕК ҮСЕН,  АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ «ПАРАСАТ ЖОЛЫ»
20:25, 25 ақпан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ «ПАРАСАТ ЖОЛЫ»
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЛДАҒЫ 2 ЖЫЛДА ҮШ АУЫСЫМДА ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
13:15, 19 ақпан 2021
АЛДАҒЫ 2 ЖЫЛДА ҮШ АУЫСЫМДА ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...