ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

ЖАСТАР АУЫЛҒА ОРАЛА БАСТАДЫ

19:19, 21 шілде 2021

 

ДИКТОР: Елорда маңындағы аудандарда абаттандыру тақырыбы тұрғындар арасында қашаннан таласқа толы. «Nur Otan»  партиясының өкілдері Целиноград ауданына қарасты елді мекенге арнайы барып,  тұрғындардың жағдайымен танысып, арыз-арманын тыңдады.

РКС:  Мәншүк – тың игеру жылдарында құрылған ауыл. Нұр-Сұлтан қаласынан 85 шақырым қашықтықта орналасқан ауылға  Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметованың аты берілген. Соңғы 5 жылда мұнда әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша ілкімді істер атқарылған.

СНХ: ГАЛИНА ИВАНОВА, МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ  ТҰРҒЫНЫ:  // РУС //: Мен мұнда 40 жылдан бері тұрамын. Барлық жерге асфальт төселіп, жарық орнатылды. Жаңа кафе мен дүкен салынды. Бұрынғыдан сауда-саттық үшін қалаға сабылмайтын болдық.

СНХ: ГҮЛЗАДА ҚАБДРАХМАНОВА,  МӘНШҮК АУЫЛДЫҚ МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:  Маңайдағы ауылдардан біздің ауылдың ерекшелігі көзге ұрып тұрады. Мектепке күрделі жөндеу жүргізілді. Мұғалімдер үшін жатақхана да салынды.

СНХ: ЕРБОЛ БАЛТАБАЕВ, МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ  ТҰРҒЫНЫ:  Жолды қалыпқа келтірді. Балабақша мен футбол алаңы  қолданысқа берілді. Соңғы жылдары жастар ауылға келіп, түрлі шаруашылық нысандарында еңбек етіп жатыр.

РКС: Мектепті күрделі жөндеу мен 3 шақырым жолды төсеу жұмыстары «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жүргізілген.  Бүгінде ауылдың әр үйіне орталықтандырылған су кірген. Интернет те жоғары жылдамдықпен істеп тұр. 950 адам тұрып жатқан  елді мекенде іске асыратын жоба әлі баршылық, - дейді ауыл әкімі.

СНХ: ҒАНИ ИСАЕВ,  МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: Мың басқа арналған сүт-тауарлы фермасының жобасы дайын. Жер телімі бөлініп, іргетасы қаланды.  Келесі жылы қолданысқа беріледі.  Сондай-ақ, биыл қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ауыл бойынша бейнебақылау жүргізгіміз келеді. Әрі тұрмысқа қажетті тауарлар сатылатын дүкендер, дәріхана, наубайхана мен басқа да әлеуметтік қызмет көрсету нысандары жайғасатын екі қабатты үйдің құрылысын аяқтаймыз.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ИВАН ОДНОРОГ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
21:28, 3 тамыз 2021
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
21:27, 3 тамыз 2021
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
Толығырақ...
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
21:24, 3 тамыз 2021
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
18:59, 28 шілде 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
19:10, 28 шілде 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
Толығырақ...