ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

ЖАСТАР БАСТАМАСЫ ҚОЛДАУҒА ИЕ

20:51, 27 қазан 2021

ДИКТОР: Тәуелсіздіктің 30 жылдығында еліміз дамыған елдердің қатарына кіріп, халықаралық аренада өз орнын таба білді. Қазақстанның одан әрі дамуы жастардың қолында. Сондықтан да, олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңдіру маңызды. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жас ұрпақты қолдауға үлкен үлес қосуда

РКС: Қазіргі уақытта волонтер болып жүрген жастар аз емес. Өйткені, мұндай көмек жаңа білім мен керекті тәжірбие алуға көмектеседі. "Достар" мәдениет сарайы жанындағы жастар қозғалысында 40-тан астам адам бар. Олар қайырымдылық іс-шараларына қатысады, жалғыз басты қарттарға, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмек көрсетеді.

СНХ: АСЫЛХАН ҚАЛИЕВ, ДОСТАР МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

РКС: Бөлім қызметкерлері жыл сайын екі мыңнан астам іс-шаралар өткізеді. Карантин кезінде онлайн режимде көкшетаулықтарға әртүрлі концерттер, жарыстар және де шығармашылық кештер ұйымдастырылды.

СНХ: ЕКАТЕРИНА АУҒАНБАЕВА, ДОСТАР МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Жақында ғана Көкшетау қаласы бойынша таланттар шоуы өтті. Біз қаламызда көптеген өнерлі жастар бар екеніне көз жеткіздік. Олар да біздің волонтерлік қозғалысымызға кіреді екен. Сонымен қатар, біз «Ақмола жұлдыздары» көркемөнерпаздар байқауында 12 жыл қатарынан бас жүлде иегері атанып отырмыз.

РКС: Еліміздің болашағы жастардың қолында. Сондықтан, мемлекет те жастарды жан-жақтан қолдап, олардың дамуына жол ашып атыр.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, НАЗИРА БАЛТАШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...