ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

ЖАСТАР - ЕЛ ЕРТЕҢІ!

18:27, 30 сәуір 2021

 

ДК: Облыс әкімі Ермек Маржықпаев өңірдегі түрлі ұлт өкілдерінің жастарымен кездесті. «Қоғамдық келісім» сарайында өткенжиында өңір басшысы жастардың мемлекеттік тілді меңгеруі, өз ұлтының салт-дәстүрін насихаттауы төңірегінде сұхбат өрбітті. Сондай-ақ, Қазақстан Халқы Ақмола Ассамблеясының ұйымдастыруымен қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды.

РКС: Юрий Кочетыгов жас домбырашы. Ол қазақтың төл өнеріне бала жасынан қызыққан. Өнерпаз кәсіби күйші болуды мақсат тұтқан.

СНХ: ЮРИЙ КОЧЕТЫГОВ, ЖАС КҮЙШІ///аударма/// Домбыра тартып үйренгеніме 7 жыл болды. Алғаш 10 жасымда домбыраны қолға алдым. Оның қоңыр үні өте қатты ұнады. Қазір Біржан сал атындағы музыкалық колледждің 2-ші курсында оқимын. Алдағы уақытта да кәсіби күйші болғым келеді.

РКС: Жас буынның арасында мемлекеттік тілге құрмет жоғары. Дөңгелек үстел басына жиылған әр ұлттың өкілі мемлекеттік тілде еркін сөйледі. Қазақстан Халқы Ассамблеясының 29 сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінің қоғамды ұйыстырушы факторға айналуы тиіс екенін айтқан еді. Юлия Лагудкина болашақ дипломат. Ол қытай және түрік тілін үйренуде. Қазақша еркін сөйлейді.

СНХ: ЮЛИЯ ЛАГУДКИНА, ЖАС ДИПЛОМАТ///қазақша/// Мен орыс сыныбында оқыдым. Алайда, мемлекеттік тілдің маңызын бала жастан түсіндім. Егер қазақ тілін үйренсем, менің болашағым жарқын болатынына сенімді болдым. Қазір мен Еуразия Ұлттық Университетінің 4 курс студентімін. Халыаралық қатынастар мамандығы бойынша білім алып жатырмын.

РКС: Өңірдегі этномәдени бірлестіктердің жастары «Жаңғыру жолы» атты жастар ұйымына біріккен. Облыс әкімі жиын қатысушыларына толайым табыс тілеп, ел жастарының болашағына сенім білдірді.

СНХ:ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ///АУДАРМА/// Қазір өте керемет жастар өсіп келеді. Сіздермен кездесу, сұхбаттасу арқылы мұны анық сезінемін. Әрине жастар саясатындағы түйткілді мәселелер де бар. Оларды шешуге бар күшімізді салып жатырмыз. Бүгін менің күн тәртібім тығыз, көптеген іс-шаралар жоспарланған. Алайда, сіздермен кездесу күш-жігерімді еселеп, көңіліме қуаныш ұялатты. Жолдарың ашық болсын, үлкен белестерді бағыдыруларыңа тілектеспін!

РКС: Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Ассамблея өкілдері қолөнершілер жәрмеңкесін ұйымдастырды. Шынар Мұқанова декреттік демалыста бос отырмай кәсіп бастапты. Ісмердің өнімдері алыс жақынға танылып, сұранысқа ие болған.

СНХ: ШЫНАР МҰҚАНОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР///Мен көрмеге ата-бабамыздан келе жатқан қыз жасауын әкелдім. Оның мазмұны терең. Мысалы мына құрақ көрпенің өзінде қаншама мағына жатыр. Этностильдегі өнімдерге сұраныс жоғары. Бұл іспен 4 жыл бойы айналысып келемін.

РКС: Өңірдің өнерпаз жандары қолөнершілер аллеясын ашу ұсынысын көтерген еді. Облыс әкімі бұл бастаманы жүзеге асыру тетігі қарастырылып жатқанын жеткізді.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, АЗАМАТ БЕКМАҒАМБЕТОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...