
ДИКТОР: Жастар арасындағы жұмыссыздық қазіргі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс отырысында осы сұрақты көтеріп, шешу жолдарын табуды тапсырған болатын. Осыған орай, алдағы уақытта, «Жастар тәжірибесі» мен «Алғашқы жұмыс орны» жобаларының өту мерзімі мен айлығының мөлшері өседі. Бұл туралы министрлер кабинетінің отырысында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді.
СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Особое внимание следует уделить снижению безработицы, особенно молодежной. Выпускники вузов, колледжей, особенно молодежь без образования не всегда имеют возможность трудоустроиться на постоянные рабочие места. Это мы хорошо знаем. Выживают, перебиваясь случайными заработками. Некоторые в поисках дохода могут переступить закон. Поручаю Правительству рассмотреть возможность увеличения продолжительности участия и размера оплаты труда по проектам «Молодежная практика» и «Первое рабочее место».
РКС: Ағымдағы жылы облыс орталығындағы жастарды жұмыспен қаму мақсатында жастар тәжірибесіне 90 түлек жіберу жоспарланған. Ал, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы арқылы 12 көкшетаулық екі қолға бір күрек таба алады.
СНХ: ТАТЬЯНА ЖАНҒОШҚАРОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ: 2022 жылы жастар үшін бірнеше жобалар жұмыс істейді. Мәселен, «Жастар тәжірибесі» мен «Алғашқы жұмыс орны» жобалары, одан қалды оқу грнаттары бар. «Жастар тәжірибесі» алғаш рет жұмыс іздеп жүргендерге, жұмыссыздарға, 29 жасқа дейінгі жастарға және мүлдем тәжірибесі жоқ NEET санатындағыларға арналған мемлекеттік бағдарлама.//
РКС: Жалпы, Қазақстанда мемлекеттік қолдау шаралары жетерлік. Бірақ, олардың барлығы жастар арасында сұранысқа ие емес,-дейді мамандар. Қазір төлем мөлшерін ұлғайту сұрақтары қарастырылып жатыр. Айталық, ауылды жерлердегі педагогтардың айлығына коэффициент қосылып, жалдамалы пәтер мен коммуналдық қызмет үшін өтемақы берілетін болады. Одан қалды, жастар мен халықтың осал тобының бастамаларын жүзеге асыру үшін берілетін грант мөлшері 400 АЕК дейін жоғарыламақ.
ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ».