ШҰҒЫЛ! БАТЫР ҚЫЗ, АЙҒАНЫМ. СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ Толығырақ

ЖАСТАР ҮМІТТІ АҚТАУДА

17:29, 16 қазан 2020

ДИКТОР: Өңірде жастарға арналған 4 ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Жастарға  қызмет көрсету орталығының жетекшілігімен өткізіліп жатқан жобалар жастарға деген үміттің зор екендігін аңғартады. Жан-жақты қолдау, болашаққа бағдар, ұтымды кеңес – жобаның басты мақсаты.

РКС: 17 жастағы Дмитрий Америка құрама штатында білім алған. Елге келген соң, қоғамға көмек көрсету арманы болған. Қазіргі таңда 50-ден астам жанға тәлімгер болып жүрген Дмитрий бұл өзінің жан қалауы екендігін айтады.   

СНХ: ДМИТРИЙ ГАТЕНЮК, ВОЛОНТЕР///аударма/// Жастар ресурстық орталығының көмегімен оқушыларға, студенттерге, тіпті егде жастағы адамдардың өзіне ағылшын тілінен тегін курс өткіземін. 2 топқа сабақ беремін. Біріншісі – ағылшын тілін меңгеруді жаңа бастағандар болса, екіншісі – ағылшын тілінен орта білімі бар жандар.  Курсқа қатысушылар өз тарапынан деңгейлерінің артқанын айтады. Олардың пікірлері мен үшін маңызды.   

РКС: Қазіргі таңда 2 қалалық, 15 аудандық, 1 облыстық жастар ресурстық  орталығы 4 ауқымды жобаны іске асыруда. Олар: «Жастарға кеңес», «Жастарға білім», «Жастарға қызмет», «Жастарға жұмыс». Аталмыш жобаның мақсаты - кеңес беру және бейресми білім беру арқылы жастардың тұлғалық және әлеуметтік тұрғыда дамуына жәрдемдесу. Қауіпті індетке байланысты жүзеге асырылатын іс-шараның барлығы онлайн форматта өтуде.

СНХ: ГҮЛЗАТ ЖҰЛМАНБАЕВА, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТАЛДАУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ ///аударма/// Қазіргі таңда  жұмыспен қамту бойынша әлеуметтік желі арқылы мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру жұмыстары ұйымдастырылған. Жақында ғана жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп кеңес беру жұмыстарын жүргіздік. Біз қалай жастар практикасынан өтуге болатыны туралы, қандай құжаттар керектігін  және  практиканы өткен соң қалай тұрақты жұмысқа орналасатыны туралы ақпарат бердік. Сондай-ақ, біз жастарға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жастарға арналған бағдарлама туралы мағлұматтар береміз.

РКС: Сондай-ақ, орталықта психолог маман жұмыс істейді. Жастардың психологиялық тұрғыдағы мәселелеріне де баса назар аударылған. Айта кетейік, 15-16 қазан аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жастар санасының ашықтығы» атты тимбилдинг өтті. Алғашқы күні аталған іс-шара жастармен жұмыс жасайтын мамандар арасында өткізілсе, кейін волонтерлардың  жобасы талқыланды.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, АЗАМАТ БЕКМАҒАМБЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМДАР ФЕСТИВАЛІН ҰСЫНАДЫ
20:47, 24 маусым 2021
ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМДАР ФЕСТИВАЛІН ҰСЫНАД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
14:06, 18 маусым 2021
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
Толығырақ...