ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ӨЗЕКТІ

20:12, 23 шілде 2021

 

ДИКТОР: Тәуелсіздік жылдарында мемлекет тарапынан халықты жұмыспен қамтудың алуан түрлі  бағдарламалары іске қосылды. Әсіресе, жастар категориясына баса мән беріледі. Бүгінде жастарды жұмысқа тарту, орналастыру процессі қалай жүріп жатыр? Тілші баяндасын.

РКС: Жастарды жұмысқа орналастыруда өз  тиімділігін көрсеткен жобаның бірі - нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  «Еңбек» бағдарламасы.  2017 жылы бастау алған бағдарлама аясында 4 жыл ішінде 28 мың 993 адам жұмысқа орналасқан.

СНХ:  АЗАМАТ  ЖАНБЕТАЛИН,  ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:    1 шілдеге дейін жұмыс сұрап 3425 жас азамат жүгінді. Оның 2985 –і, яғни,  87% жұмысқа орналастырылды. 1974 адам бос жұмыс орындарына, 996 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына, әлеуметтік жұмыс орындарына, «жастар практикасына» және қоғамдық жұмыстарға орналастырылды.

РКС:  Жыл өткен сайын облыста барлық салалар бойынша өсім  байқалады. Алайда білікті мамандардың жетіспеушілігі де сезіледі.

СНХ: ҒАЛИХАН ЕСЖАНОВ, ОҚЫТУ-КЕҢЕС БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бізге 28-30 жасқа дейінгі жастар келіп,  жұмысқа орналасып жатады. Бірінші жартыжылдықта  бізде жұмысқа орналастыру 100% - ға жетті. Өндірістік сала үшін жұмысшы кадрларды дайындаймыз. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу кәсіпорындарының басшылары мамандар даярлауды жастардан бастау керек деген пікірде.

РКС: Жастар ресурстық орталығы өңір жастарын жұмысқа орналастыру бойынша ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді.

СНХ: МӘНСИЯ ЕСЕКЕЕВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бізде есепте тұрған жастардың 4 санаты бар. Бұл - декреттегі жас аналар, білімі жоқ жастар. Оларды НИТ категориясы деп атаймыз. Қазірге дейін 502 адамды ресми түрде жұмысқа орналастырдық.

РКС:  «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, биыл  бизнес бастауға берілетін гранттар саны артып, 800-ге жетті.  Оның 260-ын жастар иеленеді.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ИВАН ОДНОРОГ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ,  МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...