ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ Толығырақ

ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАСТЫ НАЗАРДА

17:30, 11 қаңтар 2021

ДИКТОР: «Еңбек» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша жастар тәжірибесінен өтіп, жұмыс тапқан жас мамандардың қатары көбейіп келеді. Мәселен, Зеренді ауданында жұмыспен қамту орталығы арқылы 30-дан астам  білімді жас тұрақты жұмысқа орналасқан.

РКС: Айдын Хамза – Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің түлегі.  «Театр ұжымының жетекшісі» мамандығын бітірген соң, Зеренді ауылына келіп, аудандық мәдениет үйінде жастар тәжірибесінен өтеді. Алты айдан кейін сол жерге тұрақты жұмысқа қабылданған.

СНХ: АЙДЫН ХАМЗА, ЖАС МАМАН///қаз///Зеренді аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш тастап, жұмыспен қамтуды сұрадым. Ол жақ мені Зеренді аудандық мәдениет үйіне жас маман ретінде, яғни практикант ретінде жұмысқа орналастырды.+скл+Қазіргі таңда мәдениет қызметкері болып жұмыс атқарамын.   

РКС: «Арна» жоғары колледжінің түлегі Мәдина Жанбатырова да оқуын тәмамдаған соң жұмыс іздейді. Сөйтіп, ол бүгінде Зеренді аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімінде жұмыс істейді.  

СНХ: МӘДИНА ЖАНБАТЫРОВА, ЖАС МАМАН ///аударма/// После окончания колледжа я не могла найти работу...  Колледж бітіргеннен кейін мамандығым бойынша жұмыс таба алмадым. Жұмыспен қамту орталығының көмегіне жүгіндім. Ол жерде маған жастар тәжірибесінен өтуді ұсынды. Берілген мүмкіндік үшін «Еңбек» бағдарламасына және аудандық жұмыспен қамту орталығына алғысым шексіз. 

РКС: Айта кету керек, биыл жастар тәжірибесі бойынша 15 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Сондай-ақ, 23 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіп, 4 миллион теңгеден астам қаражатты игеру көзделіп отыр.

ГҮЛМАЙДАН НҰРЖАНҚЫЗЫ, АНАРА СҰЛТАН, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ҚОҒАМ ТЫНЫШТЫҒЫН КҮЗЕТКЕН НӘЗІК ЖАНДЫЛАР
15:04, 5 наурыз 2021
ҚОҒАМ ТЫНЫШТЫҒЫН КҮЗЕТКЕН НӘЗІК ЖАНДЫЛАР
Толығырақ...
БҮГІН – ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 155 ЖЫЛ
15:02, 5 наурыз 2021
БҮГІН – ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 155 ЖЫЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТЗАЛ АШЫЛДЫ
17:48, 26 ақпан 2021
МҮМКІНДІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТЗАЛ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
20:42, 26 ақпан 2021
ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
Толығырақ...