ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

21:03, 27 қазан 2021

ДИКТОР: Бүгінгі күні экология саласын дамыту бағытында бірнеше бағдарлама бастау алды. Солардың бірі энергияны тиімді пайдалануға қатысты. Елордада өткен кезекті республикалық «Жасыл кеңсе» конкурсы да дәл осы мақсатты көздеп отыр. Энергия үнемдеу тәжірбиесін қалыптастыру бағытындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды.

 

РКС: «Жасыл кеңсе» конкурсы 2019 жылдан бастап бастау алған болатын. Бүгінгі күні ол он номинация бойынша өтеді. Ұйымдастырушылар 100-ден астам өтініш қабылдап, оның ішінен 30 жеңімпазды іріктеп алды.  Бұл бастама алдына үлкен мақсат, міндеттер қойып отыр. 2025 жылға дейін қосымша су шығындарын 10%- ға, электр энергиясын 20%-ке азайтуды көздейді. Сонымен қатар, қалдықтарды сұрыптау және өндеуге беру көлемін 40%-ға, ал қоғамдық кеңсе кеңістіктерін көгалдандыруды 35 %-ға жүзеге асырады. Бұл міндеттерге жету барысында конкурсқа әр өңірден келген компаниялар өз презентацияларын көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

СНХ:ЕЛДОС АБАҚАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғау мәселесі өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Оның ішінде шынымен ғимараттарға қатысты мәселелерде қарайтын болсақ, жалпы айтқанда, еліміздегі тұтынылып жатқан 30% электроэнергиясымен 40%-ға жуық жылыэнергиясы ғимараттарға қатысты болып отыр.

РКС: Елімізде өтіп жатқан мұндай конкурстар біздің экологиялық жағдайымызды қарқынды дамытып, өзгертетіні анық. Мұндай эко бастамалар бізді табиғаттың үнін тыңдауға, қоршаған ортаға көңіл аударуға үйрететіні анық.

СНХ: МАРАТБЕК ҒАБДУЛЛИН, ҚАЗАҚСТАН-БРИТАН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ РЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Біз бұлконкурсқа көп дайындалдық. Энерго, экология, су ресурстарын үнемдеу мәселесі қазіргі уақытта өзекті. Біз еліміздің алдынғы жоғары оқу орны болып бұл мәселеге үлкен көңіл аударамыз. Бізде әртүрлі білім беретін бағдарламалар да, ғылыми лабораториялар да, күнмен қуаттанатын батареялар да бар. Сонымен қатар, тағы да күн сәулесімен қуаттанатын электр станцияларын да іске қостық. Біз өз университетіміздегі барлық мүмкіндікті пайдаланып, үлкен жұмыстар атқарудамыз.

РКС: Мысалы, Конкурсқа қатысқан Шин –Лайн компаниясының балмұздақ жеткізу үшін пайдаланатын көлігі қатты бөлшектердің катализаторымен және отынды жағу жүйесімен жабдықталған және де Еуро 5 стандартымен ғана сатып алынады. Мұндай өзгеріс экологияны жақсартады, атмосфераға шығарындыларды азайтады.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...