ШҰҒЫЛ! ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ Толығырақ

ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕРДІ ҚАҒЫП КЕТУ ДЕРЕКТЕРІ КӨБЕЮДЕ

17:39, 20 наурыз 2020

 

 

 

ДК: Жолдарда жаяу жүргіншілерді қағып кету деректері көбейіп отыр. Бұған жол ережесін сақтамаған жүргізушілер кінәлі ме? Әлде, жаяу жүргіншілердің өздері себепкер ме? Мәселенің мән-жайын әріптесім Айгүл Бекетқызы анықтады.

РКС: Жалпы, өңірде жаяу жүргіншілерді қағып кетуге қатысты 117 дерек тіркелген. Соның 70-ке жуығы елдімекендерде орын алған. Салдарынан, жапа шеккендердің де қатары көбейіп отыр. Өткен жылы олардың саны 47 болса, бүгінде ол 100-ге жетті.  

СНХ: СЕРІК БАЙМҰҚАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ: /рус/ Наибольший рост таких проишествий зарегестрировано в городе Кокшетау + Если в прошлом году было 23, уже в текущем году их 46. В них погибли с 1 до 2 человек. И пострадавщие с 29 до 65  пострадавщих.....Жаяу жүргіншілерді қағып кету деректері Көкшетау қаласында да көптеп тіркелуде. Өткен жылы 23 дерек тіркелсе, бүгінде ол екі есеге көбейіп, 46-ға жетті. 2 адам қаза тапты. Былтыр 29 адам жарақат алса, бүгінде оның саны 65-ке жетті.  

ГРАФИКА: Аудан тұрғындары арасында жаяу жүргіншілерді қағып кету статистикасына келер болсақ:

Көштің басында Целиноград ауданы тұр. Өткен жылы бұл ауданда 3 дерек тіркеліп, 1 адам қайтыс болған. Бүгінде бұл көрсеткіш 3 есеге көбейіп, салдарынан тағы бір целиноградтық ажал құшқан.

Одан кейін Аршалы  ауданы. Өткен жылы жаяу жүргіншіні қағу бойынша  1 дерек тіркелсе, биыл ол 3-ке жеткен.  Жарақат алған 2 адамның саны бүгінде 10-ға жетіп отыр.  

Бурабай ауданы да бұл үштіктің қатарында. Былтыр бұл өңірде 4 дерек орын алып, 5 адам жарақаттанған. Биыл жаяу жүргіншілерді қағып кетудің 6 дерегі тіркеліп, 8 адамның жарақат алғаны анықталған.

СНХ: СЕРІК БАЙМҰҚАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ: /рус/ Любой пешеход должен прежде чем вступить на дорогу то есть на полосу пешехода он должен убедиться что все тарнпортные средства приняли меры для сниежения скорости. + Теперь второе немаловажное причина это у нас молодежь. +Надевают капюшоны, нажевают наушники, и игнорируя вот такие элементарные требования подвергают свою жизнь в опасность. Теперь необходимо обратиться водителям. +И как только пешеход вступил переходить дорогу он должен остановить свое транспортное средство......Кез-келген жаяу жүргінші көліктің тоқтағанына көз жеткізіп, жылдамдығын азайтып жатқанын көрсе ғана, жолдағы жаяу жүру жолағына түсуі қажет. Әсіресе, жастарға қатысты айтарым. Бастарында капюшон, құлақтарына наушниктерін киіп, қарапайым жол ережелерін сақтамайды. Өз өмірлерін қатерге тігеді. Жүргізушілер де жаяу жүру жолағында жүргіншіні көрсе болғаны, көліктерін тоқтатулары тиіс.

СТЭНДАП: АЙГҮЛ БЕКЕТҚЫЗЫ, РЕДАКТОР: Соңғы 2 айда Көкшетау қаласында жаяу жүргіншілер жолағында 21 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның 3-уі жаяу жүргіншілердің кесірінен болған. 19 адам жарақан алып, 2-уі қаза тапқан. Жалпы, жол полициясы қызметі өкілдерінің айтуынша, Көкшетау қаласында жаяу жүргіншілерді қағу деректері дәл осы Әуелбеков пен Ғабдуллин көшелерінің қиылысында көп тіркелуде. Ал, олардың санын азайту мақсатында жергілікті әкімдікке бұл жерге бағдаршам орнату ұсынысы жолданған. Дегенмен, бұл мәселе шешілгенше, кез-келген жаяу жүру жолақтарында сіз болып, біз болып  жол ережелерін сақтайық. Балаларды да сол ережелерден хабардар етуді ұмытпайық. Себебі, өңір бойынша 25 баланы жаяу жүру жолағында көлік қағып кеткен.  

Авторы: Айгүл Бекетқызы, Операторы: Сабыр Құлатай

Тақырып бойынша материалдар

ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ
20:35, 27 наурыз 2020
ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚМОЛАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСУДЕ
19:22, 26 наурыз 2020
АҚМОЛАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСУДЕ
Толығырақ...
 ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС
17:36, 27 наурыз 2020
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...