ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

«ЖАЗҒЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

19:49, 16 маусым 2022

ДК: Педагогикалық мамандықтарға басымдық беру. Ұстаздардың біліктілігін арттырып, еңбек жолын енді бастаған жас мамандарға бағыт-бағдар сілтеу. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде жүзеге асқан «Жазғы мектеп» жобасы аясында осындай шаралар қамтылды. Жобаның жабылу салтанатында үздік деп танылған оқушылар мен ұстаздарға облыстық білім басқармасының арнайы алғыс хаттары табысталды.

ЕСТ.ШУМ

РКС: Жазғы мектеп жобасы 1 ай көлемінде жүзеге асырылған. Осы уақыт аралығында жоба қатысушылары түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысып, өз біліктіліктерін шыңдаған. Игі жоба мектеп пен университет арасындағы алтын көпір іспетті.

СНХ: АҚБОТА БЕКСЕЙІТОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТТЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Жазғы мектептің ерекшелігі жазғы уақытта, демалыс уақытында өтуі. Осы кезде балалар сабақтарын босап, университет ұстаздарының да жұмысы жеңілдейді. Осыған байланысты біздің педагогикалық институтта 10 кафедра бар.  Әр кафедра 20 мамыр айынан бастап 16 маусымға дейін жоспар бойынша облыс мектептерін, қала мектептері бар, оқушыларға жан-жақты білім бердік.

РКС: Педагогикалық институт кафедраларының оқытушылары зияткерлік жағынан түрлі форманы қолдана отырып, бірқатар іс-шаралар өткізген. Мәселен, педагогикалық шеберхана, психологиялық тренингтер, спорт жарыстары, зерттеу жобалары бойынша оқыту семинарлары, әдеби қонақ бөлме, зияткерлік ойындар, археологиялық және далалық тәжірибелер ұйымдастырылған.

СНХ: НҰРГҮЛ НҰРМҰХАНБЕТОВА, ХИМИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Осы сабақтар аясында біз оқушылармен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Зертханаларда тәжірбие жасадық. +скл+ Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасады. Жоспарлы жүйелі түрде өткізетін болатын.

СНХ: ДАНИЕЛ ЗУЕВ, ЖОБАҒА ҚАТЫСУШЫ///аударма// Біз осы жоба аясында таза ауаға шығып, іс-шараларға қатыстық. Бәрі қызықты болды. Алдағы уақытта ұйымдастырылса міндетті түрде қатысамын.

  • Іс-шаралар Ualikhanov university базасында, қалалық саябақта, сондай-ақ Зеренді ауданының "Тұлпар" спорттық-сауықтыру лагерінде өтті. Жобаға қатысушылар үлкен қызығушылық танытқан. Игі жоба келер жылы да жалғасын таппақ.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...