ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ ШТАТТЫҚ РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

19:26, 19 наурыз 2020

 

ДК: Ақмола облысының жедел жәрдем қызметінің мамандары коронавирус инфекциясына қарсы әрекет етуге әзір. Соңғы 7 тәулікте 5268 тұрғын жедел жәрдем қызметіне жүгінген.  Ақмолалықтар арасында вирус жұқтыру дерегі тіркелген жоқ. Жедел жәрдем станциялары арнайы құрал-жабдықтармен қамтылған.

Интершум. Телефон қоңырауы

РКС: Жедел жәрдем қызметі қауырт желіден басталады. Мұнда мамандар тәулік бойы кезекшілікте. Жөтел, дене қызуы өзге де коронавирус симптомдарына ұқсас белгілер анықталған әр тұрғынға міндетті түрде жақын арада шет елде болуы немесе сырттан келген  тұлғалармен байланысы туралы сауал қойылады.

STAND-UP: АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, РЕДАКТОР: Егер азаматтың шетелде болуы немесе шеттен келген тұлғалармен байланысқа түскені анықталса...

РКС: Өткен аптамен салыстырғанда қоңырау саны артса да, медициналық қызметке шынымен мұқтаж тұлғалардың саны 132-ге қысқарған. Яғни, кеңес алу үшін хабарласқандар көп.  

СНХ: АЛЕКСАНДР ВЫСОЦКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ //// (орысша) Біз орын алуы мүмкін кез-келген жағдайға әзірміз.  Тиісті әрекет алгоритмдері әзірленді. Облыстың өңірлік штабы қызмет атқаруда. Әрбір келіп түскен телефон қоңырауы жеке талданады. Балрық медициналық мекемелердің өзара әріптестігі жолға қойылған. Бұл облыс аумағында індет анықталса, жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді.

РКС: Өңірде 69 жедел медициналық көмек орталығы бар. Олардың барлығы қалыпты жағдайда  қызмет атқаруда.

СНХ: ҚАНАТ ДОСҚОЖИН, ФЕЛЬДШЕР //  Әдеттегідей, азаматтардың өтініші бойынша қала ішінде қызмет атқарудамыз. Шақыртулар саны сәл артты, бұл қалыпты жағдай. Тұрғындар арасында ұстамдылық, байыпты көзқарас сезіледі. Сақтық шаралары туралы жиі сұрап жатады.  

РКС: Күдікті дерек орын алса, облыс орталығындағы вирусты анықтау лабораториясы іске кіріседі. Дәрігерлер өңір тұрғындарын негізсіз үрейленбеуге шақырды. Ал, қалыпты гигиеналық сақтық шаралы барша қазақстандықтардың азаматтық парызы,- дейді мамандар.  

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ. ЖИҺАНГЕР МҰХАНБЕТОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

 

 

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИГЕРІЛМЕГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ КӨЛЕМІ 502 МЫҢ ГЕКТАРҒА ДЕЙІН ҚЫСҚАРДЫ
19:48, 15 қыркүйек 2020
ИГЕРІЛМЕГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ КӨЛЕМІ 502 МЫҢ ГЕКТА...
Толығырақ...
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
19:58, 16 қыркүйек 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...