ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНА ТАРИФ БИЫЛ КӨТЕРІЛМЕЙДІ

20:05, 15 қазан 2021

ДИКТОР: "Көкшетау Энерго"  серіктестігі тарифтік жүйенің және инвестициялық бағдарламаның орындалу барысы туралы есеп берді. Бүгінгі таңда компания Ақмола облысының төрт әкімшілік ауданы мен Солтүстік Қазақстан облысының бес ауданы аумағында электржелілік шаруашылыққа қызмет көрсетеді.

РКС: 2020 жылғы инвестициялық бағдарламаға сәйкес "Көкшетау Энерго" 67 іс-шараны орындады. Жабдықтар мен техника сатып алды, реконструкциялар жасады. Айта кету керек, бұл міндеттерге 840 мың теңгеден аса қаражат жұмсалады деп жоспарлаған. Іс жүзінде 1 млн 200 мың теңгеден аса сома жұмсалды. 160 мыңға теңгеге жабдықтар мен техникалар сатып алынған.

СНХ: ГҮЛШАТ ІРЖАНОВА – «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: инвестбағдарлама аясында "Көкшетау Энерго" серіктестігі өз күшімен электр қондырғыларының жабдықтарын жаңғырту және қайта құру бойынша іс-шараларды атқарды. Бұл бағдарлама желілерді дамыту, жабдықтар мен қондырғыларды қайта жөндеу және жаңғырту жөніндегі іс-шараларды енгізу үшін әзірленді. Оның негізгі мақсаты кернеудің барлық деңгейіндегі желілердің электр энергия шығындарын азайту, моральдық және физикалық тұрғыдан тозған жабдықтарды жаңарту, апатты  жағдайларды, тікелей шығындарды азайту болып табылады.

РКС: 2020 жылы тарифтік смета бойынша жалпы нақты шығындар 7 миллиард 298 миллион теңгені құрады. Қаражатты жұмсаудың негізгі бағыттарына материалдық шығындар, қызметкерлердің жалақысы, амортизация және жөндеу шығындары кіреді.

СНХ: ТАТЬЯНА ВОРОТЫНЦЕВА«КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ  ҚАРЖЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Материалдық шығындар техникалық қызмет көрсетуге, нормативтік шығындарды сатып алуға кетеді.  Отын, энергиямен қамтамасыз етеді. Бұл шығындар 3 миллиард 589 миллион теңгені құрады. Ол 2,9 процентке төмендеді.

РКС: Мамандардың айтуынша жөндеу жүргізілуде және жаңа жабдықтар сатып алынуда. Дегенмен техниканың басым бөлігі Кеңес кезінен бері жұмыс істеп келе жатқан ескі жабдықтар. Бүгінгі таңда электр қондырғыларын  толығымен ауыстыруға мүмкіндік жоқ. Десе де «Көкшетау Энерго» серіктестігі жеке тұлғалар үшін электр энергиясының тарифтік құнын биыл көтермейміз,- деп уәде берді.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ»  ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
19:11, 12 тамыз 2022
«АҚ БИДАЙ» ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:11, 12 тамыз 2022
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
19:10, 12 тамыз 2022
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...