ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

14:48, 12 сәуір 2021

ДК: Аймақта баламалы энергия көздерін өндіруге бағытталған жобалар белсенді жүзеге асырылып жатыр. Көкшетауда жыл соңына дейін бірнеше жел генераторы салынып, іске қосылады. Осы тұста облыс әкімі Ермек Маржықпаев жобаны тиімді әрі уақытында жүзеге асыруды тапсырды.

РКС: Жаңартылатын энергия көздері аймақты электр қуатымен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқара бастады. Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев облыс орталығына жұмыс сапары барысында жалпы құны 3 миллиард теңгені құрайтын жел электр станциясын салу және іске қосу жобасының процесімен танысты.

СНХ: АНДРЕЙ ПОДГУРСКИЙ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ///аударма /// «Вичи» кәсіпорны өз жобасын екі кезеңде жүзеге асырады. Бірінші кезең - жалпы қуаты сағатына 3,75 мегаватт болатын 5 жел генераторы. Қазірдің өзінде оның жұмысы жүріп жатыр.  40 гектар жер бөлінді. Қазір қуаты 750 киловатт болатын тағы 7 генераторға арналған жоба жүзеге асырылып жатыр.  Бүгінгі таңда іргетасы қаланып, төменгі тіректер орнатылды. Жабдық жеткізілді, мамыр-маусым айларында орнатуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, тағы бір «Etalon Power» компаниясының бастамасымен 11 жел генераторы дайындалып жатыр. Қазір жер телімін бөлу мәселесі шешілуде, оларға 100 гектар жер қажет.

РКС: Өндірілген электр энергиясы Көкшетау қаласы мен жақын елдімекендердің электр желілерінде таратылады. Келешекте «Вичи» серіктестігі жел энергиясының тағы 11 генераторын салып, іске қосуды жоспарлап отыр. «Etalon Power» кәсіпорны жылына 10 миллион 741 мың 555 киловатт электр қуатын өндіруді назарға алды. Бұдан кейін облыс әкімі облыс орталығындағы алғашқы скейт-саябақты аралады. Нысан наурыз айында пайдалануға берілді, құны - 13 миллион теңге.

СНХ: АЛЕКСАНДР ПУШКАРЕВ, СКЕЙТ-САЯБАҚТЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ///аударма/// Қазір ашылғаннан кездегідей келушілер саны көп емес. Бірақ халық саны көбейеді деп ойлаймын. Мұнда балалар скутер, каскадер велосипедтері мен скейтбордтарда жүре алады.

РКС: Егін науқанының қарсаңында Ермек Маржықпаев «Қазрост» серіктестігінің дилерлік орталығының жұмысымен танысты. Компания «Вектор», «Акрос» комбайндарын және қосымша ауылшаруашылығы техникаларын құрастырумен және сатумен айналысады. Сондай-ақ, бұрын қолданылған комбайндардың жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

СНХ: ДАРЫН ИМАНМҰСАЕВ, КӘСІПОРЫННЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ /// аударма/// Қызмет көрсету орны мен жабдықтар бар. Біз сатып алушыларға кепілдік және кепілдендірілген жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Қосалқы бөлшектердің үлкен қоймасы бар, тұтынушылар техниканың жұмысында қиындықтарға тап болмас үшін сапалы етіп жөндейміз.   Үлкен жоспарларымыз бар. Қазірдің өзінде 500-ге жуық комбайн сатып алдық, сондай-ақ, 200-ге жуық комбайн сатып алуды жоспарлап отырмыз.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ /// аударма/// Тіпті орта жастағы фермерлер де «Вектор» немесе «Акрос» сатып ала алады. Олар үшін мүмкіндік бар, мемлекет қаржы институттары арқылы, мысалы, «Даму» қоры арқылы, ауылшаруашылық кәсіпорындарының жабдықтарын жаңартуы үшін барлық күш-жігерін жұмсап отыр.  Ал кейбір жаңа технологиялар бұл жерлерде пайда болады. Сонымен қатар, 25 проценттік инвестициялық субсидия бар.

РКС: Компания егіс науқанының басталуына дейін 700-ге дейін комбайн құрастыруды жоспарлап отыр. Осы жылдың қаңтарынан бастап 200-ге жуығы сатылды. Ермек Маржықпаев кәсіпорында дуалды оқыту жүргізу үшін жұмыс орындарын көбейту және білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық орнату қажеттілігіне назар аударды.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, АСЛАН АБУТӘЛІПОВ, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...