ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ 400 АДАМ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ Толығырақ

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАЖЕТ

18:39, 19 қараша 2021

ДИКТОР: Бұдан былай сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс бойынша сот процестеріне қарапайым азаматтар да қатыса алатын болады. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары бармақ басты, көз қыстылыққа жол бермеуді қалыптастыру үшін тұрғындарды да тартуға бағытталған түрлі іс-шараларды қолға алған.

РКС: Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап адалдық мәдениетті насихаттау бойынша жоспар бекітілген болатын.  Оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен өскелең ұрпақты тәрбиелеу сұрақтары енгізілген.  Мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының бірі – сотталушының әріптестеріне жемқорлық қылмысқа қатысты сот процестерін онлайн көрсетуді ұйымдастыру.

СНХ: АЙДОС ЖАҚИЯЛИН, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ ЖЕТЕКШІСІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  Мәселен, олар бір ұжымда қызмет етті. Жақсы қарым-қатынаста болды. Бірақ, күндердің бір күнінде әріптестері шалыс басып, темір торға тоғытылады. Судья сот шешімін оқып, сыбайлас жемқорлық үшін тағайындалған жазаны оқиды. Біз - бұл нағыз әсер ететін амал деп есептейміз. Әріптестері сот отырысы залында болып, жемқорлыққа жол берген адамның қандай жаза арқалағанын естігенде ойланып қалары сөзсіз.

РКС: Бұл бастама жемқорлыққа жол берген адамның барлық әріптестеріне парақорлықтың соңы неге апаратынын көрсетуге бағыталған. Бүгінгі күнге дейін осындай екі ашық отырыс өткен.

СНХ: АЙДОС ЖАҚИЯЛИН, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ ЖЕТЕКШІСІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Мобильдік дайындық бойынша облыстық басқарма басшысы пара алғаны үшін сотталғанда біз осындай шара ұйымдастырдық. Егіндікөл ауданының мемлекеттік кіріс басқармасының қызметкерлері де осы бағытта жұмыстар атқарған.

РКС: Мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында квазимемлекеттік және жеке секторларда мұндай іс-шаралар жалғасын табатын болады.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, НАЗИРА БАЛТАШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ  ӨСЕДІ
17:50, 19 тамыз 2022
МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ ӨСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
19:07, 15 тамыз 2022
ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
Толығырақ...