ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ОРТАҚ ІС

19:23, 1 маусым 2022

ДК: Аймақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары күшейтілген. Бұл бағытта облыстық төтенше жағдайлар департаменті кешенді шаралар жоспарын бекітіпті. 28 тармақтан тұратын шара алдағы 4 жыл ішінде жүзеге аспақ. Бұл туралы «Amanat» партиясының кезекті отырысында департамент өкілі мәлімдеді. Сондай-ақ, жиында білім беру саласындағы түйіткілді мәселелер көтеріліп, оның шешу жолдары талқыланды.

РКС: Жемқорлықпен күрес – қоғам парызы. Сондықтан да облыстық төтенше жағдайлар департаменті осы індетпен жұмыла күресуде. Нақты жоспар құрып, шаралар легін бекіткен.

СНХ:  ДАНИЯР СМАЙЫЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:  Жобаның 1 тармағы бойынша біз қаржы қарастырып қойдық. Өрт қауіпсіздігін бақылау мақсатында біз видео түсіру қондырғысын алудамыз. Ол біздің қызметкерлердің жұмысымен, халыққа қандай көмек, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын түсіреді. Материалдың барлығы департамент қорында сақталады.Алдағы уақытта осы нысандарға қатысты дау-дамай туып жатса, біз осы видеоларды көрсететін боламыз.

РКС: Жиында талқыға түскен тағы бір мәселе  - арнайы интернаттағы балалардың жағдайы. Бүгінде облыс бойынша 20-дан астам интернат жұмыс істейді. Оларда қандай жағдай қарастырылған? Балалардың бос уақыты тиісті ұйымдастырылама? Жиынға қатысқан облыстық білім басқармасының өкілі тиісті сауалдарға жауап бере алмады. Сол себепті Айна Ермекқызы алдағы уақытта сол интернаттарды аралап, көзімен көруге мүдделі екендігін жеткізді.

СНХ: АЙНА МЫСЫРӘЛІМОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:  Менің білуімше сіздер  былтыр және осы жылға 2-3 интернаттың жөндеуіне, техникалық базасын нығайтуға қаржы қарастырдыңыздар ғой. Сол нысандарды мысалға ала отырып, көрсету керек еді. Ең дұрысы біз қолайлы уақыт тауып, сол интернаттарға өзіміз барып, көзімізбен көрген дұрыс деп ойлаймын.

 

РКС: Сонымен қатар, жиынға Ақкөл және Бурабай аудандарындағы оқу ошақтары онлайн қосылды. Техникалық база мен балаларға қарастырылған мүмкіндіктер туралы мағұлмат берді. Жиын соныңда осындай интернаттар мен ондағы балғындарға партия тарапынан үнемі қолдау танытатыны жеткізілді.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ,  МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...