ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПКЕ ТЫҢ СЕРПІН ҚАЖЕТ

13:17, 22 мамыр 2020

 

ДИКТОР: Көкшетау қаласында бренд саналатын «Арман» тоқыма өнеркәсібінің құрылғанына 30 жылдан асты. Фабрика жылына 30 миллион теңгеге бағаланатын 5-6 мың өнім шығарады. Десе де, жеңіл өнеркәсіп иесі бірталай қиындықтары бар екенін жасырмайды. Тілшіміз Ердігүл Дәдібасқызы тарқатсын.

 

СНХ: ИРИНА МЕДВЕЧУК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: //аударма// Тоқыма киімдерді тек қана осы жерден аламын. Бүкіл балаларымды осы жерден киіндіріп келемін. Сапасы керемет! 

РКС: «Арман» тоқыма өнеркәсібі осыдан біраз жыл дүркіреп тұрған цех еді. Қазіргі кезде 25 адамды ғана жұмыспен қамтып отырған шағын шеберханаға айналған. «Арманның» киімдері кезінде өңірлік бренд атанған. Сапалы киімді қалайтын тұрғындар тұрақты тапсырыс беріп тұрады. Мектеп оқушыларына да форма тігеді. Алайда, фабрика тек тапсырысқа жұмыс істейді. Бүгінде кәсіпорын  өз тауарын дүкен сөрелеріне қоя алмай тұр.

СНХ: ТАТЬЯНА БАСАН, «АРМАН» ТОҚЫМА КӘСІПОРНЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: //аударма// Өнімді базарда сатылымға шығару қиын. Өйткені біздің тауарымыздың бағасы қымбат. Қымбат болу себебі – сапасында және шикізат сырттан импортталады. Қазақстанда иірілген жіп өндірілмейді. Сондықтан, біз Белоруссиядан алдырамыз.

РКС: Отандық өнімнің шикізатқа тәуелділігі оның бағасының қымбаттауына әсер етеді. Себебі, кәсіпорын шығынның өзіндік құнын ақтап алу үшін тауарына баға қосуда. Бұл үшін шикізат өндіретін өнеркәсіп дамуы қажет, - дейді сарапшы.

СНХ: ҰЛАН ҚАБДУАЛИ, ҚАРЖЫГЕР: //қазақша// (05.14) Киім, тоқыма саласында сол өндірісті дамытамыз десек, басқа да салаларды жоғары деңгейде көтеру керек. Ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы. Себебі жіпті неден алатынын білеміз.+Скл Сондықтан бір саланы дамыту үшін басқаларын дамыту керек. Сонда ғана киім өнеркәсібі бізде дамитын еді.

РКС: Шетелден әкелінетін шикізатқа логистика құнын қосыңыз. Станоктардың өзі Ресей, Қытайдан алынған. Тігінші мен тоқымашысына төлейтін жалақысы бар. Дүкен сөресін жалға алу керек. Осындай мәселелер тоқыма өнеркәсібінің қарқындауына кедергі келтіріп отыр. Ал маркетологтың пікірінше, заманға сай ақпараттық технологиялар мүмкіндігімен мықты жарнама жасалса, дүкен сөресіне шықпай-ақ тауар өткізуге болады.

СНХ: АБЫЛАЙ ИСИН, МАРКЕТОЛОГ: //аударма// Қазіргі кезде бизнес жылдам цифрлануда. Әрине Еуропадағыдай болмасақ та соған ұмтылып келеміз. Тіпті пандемия кезінде кім маркетингпен жақсы айналысса, сол ұтылмады. Өңір кәсібіндегі бір проблема – маркетингті жақсы меңгерген кәсіпкерлер аз. Ғаламтор арқылы кез-келген кәсіпті дөңгелетіп жіберуге болады.

РКС: Ақмола өңірінде жеңіл өнеркәсіп саласында 13 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның сегізі тоқыма, 4-уі сыртқы киім және жалғыз аяқ киім фабрикасы бар. Жеңіл өнеркәсіп саласы өз бағытын заманға сай икемдемесе, қарқынды дамыған экономикада бәсекеге түсе алмай қалады дейді сарапшылар.

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ,  ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
19:59, 29 мамыр 2020
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
19:58, 29 мамыр 2020
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
19:57, 29 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...