ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ЖЕР ДАУЫ. МАЛ ЖАЙЫЛЫМЫ ЖЕТІСПЕЙДІ

14:04, 7 шілде 2021

ДК: Ақмола облысындағы 6 ауылдың бесеуінде жайылым тапшы. Бұл ауыл-аймақтың әкімшілік шекарасы мен оған қажетті шаруашылық алқаптың уақытылы межеленбеуінен туындап отыр. Егістік алқаптардың елді мекендерге тым жақын орналасуы ауыл малы мен өрістің екі арасына тосқауыл болып отыр. Мұндай мәселемен Қорғалжын ауданы тұрғындары да бетпе-бет келіп отыр.

РКС: Ауылдан 3 жарым шақырымда орналасқан бұл алқап 90-шы жылдары жекеменшіктің қолына өткен. 20 жылдай игерілмеген егістікті шөп басып, жайылымға айналған. 2019 жылы жерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесі көтерілген мезгілде жалға алушы жердің бір бөлігіне егін егіп, қалғанын жыртып әрекет қылған.  

СНХ: БАЛТАШ ҚАРАҒОЖИН, АУЫЛ АҚСАҚАЛЫ///қазақша///01/07 Жердің бәрін жыртып тастаса халық малын тапсырады, төл өспейді, халықтың тіршілігі азаяды. Сондықтан, ауылдан халық көшеді. Құлағымызға қондырып тұрып айтқан Президенттің сөзі: ең бірінші мәселе халықтың жағдайын шешу керек. Халықтың жайылымының мәселесін шешу керек.

РКС: Шаруашылық нысанының жетекшілері жергілікті әкімдік өзге өңірден 2 мың гектар алқап ұсынса, бұл жерді ауыл тұрғындарының игілініге қалдыруға әзір. Жыртылған жерге көпжылдық шөп егіп кетуге де уәде беріп отыр.

СНХ: НҰРСҰЛТАН ӘЛІМЖАН, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНДЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ///қазақша///02/03 Осы мәселені шешуге «Калорит агроның» басшысымен және Жібек Оразқызымен келісіп 800 гектарды осыдан 50 шақырым жерде Қызыл сая ауылдық округінен, Үшсарттың әр жағынан жер береміз деп келісіп отырмыз. Осы жер телімдерін өзара алмастырып, жыртылған аумақты мемлекет меншігіне қайтарамыз.

РКС: Аудан әкімдігі мәселені жуық арада шешуге ниетті. Алайда, малдың егінге түспеуіне кепіл жоқ. Себебі ауылда мал бағу тәртібі ұйымдастырылмаған.  

СНХ: БАУЫРЖАН БАЙҚАДАМОВ, ҚОРҒАЛЖЫН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ///қазақша/// Қорғалжын ауылында 10 табын ірі қара, 8 отар қой шығады. Бұрын мал бағылмай келсе, билыл ақсақалдармен келісіп 3 бағытта малды кезекпен бағып жатырмыз. 1 бағытта малшы шығардық. Биыл алғаш рет ұйымдастырылып отырғандықтан, бақташыға жұмыспен қамту орталығы арқылы келісімшарт жасалып, оның зейнетақы жарнасы төленетіндей қылып бердік. Жем-шөппен де көмектесеміз. Келесі жылы малдың барлығын бағамыз деп отырмыз.

РКС: Жалпы Қорғалжын ауданының аумағы 931 мың гектар. Оның 28 мыңы егістік, 381 мың гектары жайылым жер. Өзгесі қорғалатын табиғи аймақ.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...