ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ 400 АДАМ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ Толығырақ

ЖЕР ЗАҢНАМАСЫ ЖЕТІЛДІРІЛУДЕ

20:32, 2 қараша 2021

ДИКТОР: Ендігі уақытта ғаламтор арқылы  бос учаскелер туралы мәліметтерге қол жеткізе аламыз. Бұл мүмкіндік жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету процестері мен қағаз құжат айналымының санын біршама жеңілдетеді.

РКС: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арналған жолдауында жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселесін көтерді. Жер заңнамасын жетілдіру мақсатында құрылған жер реформасы бойынша комиссия  бұл саладағы мәселелерді талқылып, өз ұсыныстарын айтуда.

СНХ: АСЛАН РИЗАНОВ, ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:  Өткізілген отырыстардың қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына қол қойды, онда шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай - ақ Отанына оралған этникалық қазақтарға қандастарға ауыл шаруашылығы жерлерін беруге толық тыйым салу көзделген.  

РКС: Сонымен қатар,  2016 жылдың 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жеке меншік құқығын беруге тыйым саланды.  

СНХ: АСЛАН РИЗАНОВ, ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Ауыл шаруашылығы жерлерінің үлкен алаңдарын "бір қолға" беруді болдырмау мақсатында Заңда шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау көзделген.

РКС: Жер – құнды қазына, халықтың рухани құндылығы, Отанның материалдық көрінісі, сонымен бірге – экономикалық ресурс, құқықтық қатынастардың объектісі.Сондықтан да, жер ресурстарын тиімді пайдалануды басты назарға аударған жөн.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ  ӨСЕДІ
17:50, 19 тамыз 2022
МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ ӨСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
19:07, 15 тамыз 2022
ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
Толығырақ...