ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

ЖЕРГІЛІКТІ СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

14:00, 4 наурыз 2021

ДИКТОР: Көршілес Солтүстік Қазақстан облысында өткен республикалық гимназиадада  жерлес хоккейшілер мен биатлонистер бақ сынады.  Сайысқа қатысқан тоғыз команданың ішінен топ жарып, жүлделі оралды.

РКС: Балғын хоккейшілер ата-аналары мен бапкерлерінің үмітін ақтап, жетістікке жеткендеріне әлі де сенер емес. «Арлан» хоккей академиясының капитаны жеңістің жолы ауыр болғанын айтады.

СНХ: ФЕРАД ГАЛЛЯМОВ, «АРЛАН» ХОККЕЙ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КАПИТАНЫ//аударма// Очень рад этому турниру...Осы турниді ұйымдастырған жандарға және тартысты ойын көрсеткен қарсыластарыма алғысымды білдіремін. Біздің команданың мықты ерік-жігерінің арқасында осындай биік белесті бағындырдық. Ең алдымен бапкерлерімізге алғысым шексіз.

РКС: Жасөспірімдердің бұл алғашқы жеңісі. Елдегі эпиджағдайға байланысты сайыстардың біразы тоқтап қалды. Алда әлі талай дода бар. басты мақсат-сол жңістерге мықтап дайындалу. Сонымен қоса жасөспірім қыздар арасында да «Арлан» хоккей академиясының командасын шығару көзделіп отыр.

СНХ: СЕРГЕЙ СЕВАСТЬЯНОВ, «АРЛАН» ХОККЕЙ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ//аударма// Наши ребята участвовали за нашу область...Біздің команда облыстың намысын лайықты қорғап, алтыннан алқа тақты. Турнирге қатысқан 9 команданың ішінде үздік шығу үлкен жетістік. Қуаныштан жүрегім алып-ұшып тұр. 15-16 жастағы балалар спорт шеберлігіне кандидаттар болады. Бұл ең алдымен балалар үшін үлкен қуаныш. Екіншіден хоккей академиясының абыройы. Ал өңір үшін хоккей спортын әрі қарай дамытуға үлкен стимул болмақ.

РКС: Жерлестеріміз хоккейден ғана жүлделі оралған жоқ. Биатлоннан да сынға түскен жерлестеріміз қарсыластарын шаң қаптырды. Осы жолда талмай еңбек етіп жүрген шаңғышы қыздардың бірі-Мария Сухопарова. Әр қашықтықтағы үш сайыстың үшеуінде де  алтын иеленді.  

СНХ: МАРИЯ СУХОПАРОВА, БИАТЛОН  ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ //аударма//Эти соревнования были достаточно сложными...Алтынға жету үшін қаншама  маңдай тер төгіп,  жаттығу керек. Соның жемісін көргенде сенен артық бақытты адам жоқ сияқты. Мойныңа алтын медальды таққан сәтте бұл жолда босқа жүрмегеніңді сезінесің.

РКС: Жасөспірімдердің әлі де бағындырар белестерінің көп екеніне бапкерлері сенімді. Өйткені, балғын спортшылардың алға қойған мақсаты айқын.

АБЗАЛ ЖҰМАБЕК, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...