ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНДІ

10:01, 5 маусым 2022

ДК: Шаһардағы № 18 сайлау учаскесінде  науқан қыза түскен. Дауыс беруге келген халықтың қарасы қалың. Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса да осы учаскеде өз таңдауын жасады.

ЕСТ.ШУМ: ӘКІМ ШУМ

РКС: Қала әкімі Бауыржан Сейітқалиұлы таңмен таласа тұрып, алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Ол осындай тарихи сәтті  үлкен мерекеге балады.  Сондай-ақ, Бауыржан Сейітқалиұлы референдумға қатысты облыс орталығында жасалған жұмыстарға да тоқталды.

СНХ: БАУЫРЖАН ҒАЙСА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:  Бүгін үлкен мереке. Мемлекетіміз үшін маңызды оқиға. Әрбір азамат өз таңдауын жасауға міндетті. Бүгін жергілікті халық келіп, өз дауысын береді деп ойлаймын.

РКС: Ел болашағы  - жастар. Сондықтан саяси науқанда алғашқы дауыс берушілерге ерекше екпін түсірілген. Мәселен, осы учаскеде осы санаттағы 11 адам тіркелген. Жас өрендерге арнайы сыйлықтар да қарастырылған.

СНХ: ЖАНАТ ҚАЙЫРОВ, №18 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Сондай-ақ, зейнеткерлер және отбасымен келген жандарға кішігірім сыйлық қарастырдық.  Жалпы 18 сайлау учаскесінде 2198 адам тіркелген. Қазіргі уақытта адамдар келіп жатыр.

РКС: Айталық, учаскеде тұрғындардың емін-еркін дауыс беруіне қолайлы жағдай толығымен қарастырылған. Келген жандарға бағыт-бағдар беретін арнайы адамдар да бар. Ал, саяси науқанның барысы бақылаушылардың назарында екенін атап өткен жөн.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ,  АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...