ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

ЖЕРЛЕС БАТЫРЛАР ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІК

19:41, 14 қазан 2021

 

ДИКТОР: Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған  Жолдауында «Біздің қоғамда патриотизм, білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік, ұйымшылдық және жауапкершілік сияқты қасиеттерді насихаттау қажет» - деп атап өтті. Ақмола облысының әскери - патриоттық клубтары жұмысының басты назарында өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу. Солардың бірі, облыс орталығындағы «Көкше іздеу» әскери - патриоттық  клубы.

РКС: Клубты ашу Польшаны босатып, Германиядағы соғысты аяқтаған әскери офицер Абу Ханиф Абдуллиннің ұлы Еркинбек Абдуллиннің бастауы болды. Осы уақытқа дейін ҚР ІІМ офицері Еркінбек Абдуллин Қазақстан мен Ресейдегі мұрағаттармен жұмыс істеу бойынша  тәжірибемен толықты. «Көкше іздеу» әскери-патриоттық іздестіру клубын құру идеясы жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің басшылығынан қолдау тапқан. 

СНХ: ЕРКІНБЕК АБДУЛИН, «КӨКШЕ ІЗДЕУ» ІЗДЕСТІРУ ЖАСАҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:  Менің ойымша, бұл өз жалғасын табады және біз оны одан әрі дамыта түсеміз.  Отандастарымыздың құрметіне осы игі шараларға бару біз үшін үлкен абырой.

РКС: «Мемориалдық аймақ»  қоғамдық бірлестігімен бірлескен жұмыстың арқасында осы жылдың тамыз айында шектеулі құрамдағы әскери-патриоттық іздестіру-зерттеу клубының жетекшісі мен қатысушылары облыс әкімдігі мен Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің қолдауымен Харьков облысындағы 106-шы Қазақ ұлттық кавалерия дивизиясының ұрыс орындарына шықты. Мейрамбек Тілеубай-запастағы сержант, Көкшетау қаласындағы № 17 мектеп-гимназияның әскери клубының жетекшісі. Ол осы экспедицияға қатысушылардың бірі.

СНХ: МЕЙРАМБЕК ТІЛЕУБАЙ, ЭКСПЕДИЦИЯ  МҮШЕСІ:  2021 жылғы 16-30 тамыз аралығында мен Украинадағы Ярослав Жилкиннің басшылығымен "халық жады" Одағы" халықаралық вахтасының қатысушысы болдым. Сондай-ақ, биыл, 24-25 қыркүйекте  Ресейдің іздеу қозғалысымен халықаралық конференцияға қатыстым және оның жетекшісі Елена Цунаеваның сертификатымен марапатталдым

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ИВАН ОДНОРОГ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...