ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ТОСҚЫН Толығырақ

ЖЕРЛЕС ГІР ТАСЫН КӨТЕРУШІЛЕР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДАЛУДА

12:54, 8 сәуір 2021

ДИКТОР: Соңғы жылдары Сандықтау аудандық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің гір тасын көтерушілері сан алуан жарыстарда  жеңіске жетіп жүр. Бұл карантин талаптарын бұлжытпай орындап, жаттығуды босатпаудың жемісі, - дейді бапкерлер.

РКС: Облыс құрамасының сапында Балкашино ауылының төрт спортшысы сынға түсті. Олар гір тасын ұршықша иіріп, жүлдегер және жеңімпаз атанды. Осы орайда тәжірибелі жаттықтырушы Сергей Прохоровтың шәкірттеріне деген сенімін айта кеткен жөн. 

СНХ: СЕРГЕЙ ПРОХОРОВ, ОБЛЫС ҚҰРАМАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ /аударма/: Әлемді жайлаған жұқпалы індеттің спорттық жаттығуларға кесірін тигізгені жасырын емес. Алайда, бапкерлер, спорт менеджерлері санитарлық талаптарды сақтап, жаттығуды тоқтатпады. Осы орайда өңіріміздегі Астрахан, Жарқайың және Сандықтау аудандарының гір тасын көтерушілерге алғысым шексіз. Олардың шәкірттері жүлдегер және жеңімпаз атанды.

СНХ: ВЛАДИСЛАВ ПОЛУХИН, СПОРТ ШЕБЕРІ /аударма/: Сергей Владимировичтің қандай да болмасын қиын кезеңнен жол тауып кететініне қызығамын. Жаз бойы жаттығуды босатқан жоқпыз. Санитарлық талаптарды бұлжытпай орындап, маңдай тер төктік. Соның нәтижесін көрдік.

РКС: Сергей Прохоровтың шәкірттері бұл күндері мамыр айында Ташкент қаласында өтетін Азия чемпионатына қызу дайындық үстінде. Мақсат – өзбек елінен жүлдемен оралу.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ТЕМІРЖОЛДА 500-ДЕН АСТАМ ТӘРТІП БҰЗУШЫЛЫҚ ОРЫН АЛДЫ
14:03, 14 сәуір 2021
ТЕМІРЖОЛДА 500-ДЕН АСТАМ ТӘРТІП БҰЗУШЫЛЫҚ ОРЫН АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 150 ЖЫЛ!
19:40, 7 сәуір 2021
ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 150 ЖЫЛ!
Толығырақ...
ТӘЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫН ҚОРҒАУ КЕЗІНДЕ ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫ ЕСКЕ АЛУ КҮНІ
19:42, 7 сәуір 2021
ТӘЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫН ҚОРҒАУ КЕЗІНДЕ ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫ ЕСКЕ А...
Толығырақ...