
ДК: Ақмолалық каратэшілер жеңіспен оралды. Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында өткен екінші республикалық турнирге еліміздің 4 облысынан командалар қатысты.
РКС: Ел чемпионатында Ақмола облысының намысын 28 каратэші қорғады. Турнирге 120-дан астам спортшы қатысты. Еліміздің әр өңірінен келген 6 команда өзара бақ сынасты.
СНХ: РУСЛАН ДҮКЕМБАЕВ, ҚР СПОРТТЫҚ КАРАТЭ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТ: Желтоқсан айында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасының чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл сайыс әлем чемпионатының алғашқы іріктеу кезеңі ретінде өткізіледі.
РКС: Республикалық турнирдің қорытындысы бойынша ақмолалық спортшылар жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Осылайша, команда қоржынына 15 алтын, 13 күміс және 8 қола қосылды.
РКС: Спортшылар алдағы жарысқа қызу дайындалып жатыр. Келесі турнир Көкшетауда өтеді деп жоспарланған.
ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ , КӨКШЕ АҚПАРАТ