ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ЖӘРМЕҢКЕДЕ 10 ТОННА ҚАНТ САТЫЛЫМҒА ШЫҒАРЫЛҒАН

20:02, 20 маусым 2022

ДК: Аймақтағы қант мәселесі қашан шешілмек? Құмшекердің бағасы тұрақтала ма? Жәрмеңкеге жиналған қала тұрғындары өңір басшысына осындай сауал жолдады. Себебі кей тұрғындар шекер алу үшін сағаттап кезек күткен. Сондағы қолына тигені 3 келі ғана қант. Облыс әкімі тиісті мәселені бақылауға алып, алдағы уақытта жәрмеңкеде сұранысқа ие тауарлардың сауда нүктелерін көбейтуді тапсырды.

РКС: Ұзын-сонар кезектен көз сүрінеді. Халықтың көздегені ет те, сүт те емес. Барлығы қант кезегінде тұр.

СНХ: ЕСІЛБАЙ ӘМРЕНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біз таңғы 7-ден бастап тұрмыз.  Кезек күтіп тұрған жандардың дені зейнеткерлер. Сондағы уақыт жоғалтуымыз 2 келі қант алу үшін. Неге жағдай осыншама қиындап кетті?

СНХ: ӘЛИЯ АХЕТОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Менің кезекте тұрғыныма 1 сағат 22 минут болды. Қасымда 2 балам бар. Тым құрыса сауда нүктесіндегі дүкеншілер санын көбейту керек қой. Сатушылар үлгермей жатыр.

РКС: Ашынған халықтың сұхбат беруге бәрі ниетті. Бұқараның базынасын тиісті сала мамандарына жеткіздік. Олар өз кезегінде ешқандай мәселенің жоқ екендігін  алға тартады. Қазіргі таңда қорда 180 тонна қант бар екенін айтады.

СНХ: САЯТ СЫЗДЫҚОВ, «KOKSHE» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ  ТӨРАҒАСЫ: Қант жеткілікті бар. Біздің магазиндерде де осындай баға. Осындай обьеммен әкеліп саудалап жатырмыз. Запас қант бар.

  • Запас болса неге 3 келіден ғана сатып жатырсыздар?
  • Спекуляция  болмау үшін. Потому что біз білеміз қантты күнде бір адамдар алады. Есть такие факты олар бір жерден алып, келесі жерге апарып сатады. Осыны болдырмау үшін.

РКС: Айталық жәрмеңкеде шекер 2 жерде саудаланды. 10 тонна қант сатылымға шығарылған. Бағасы  410 теңге. Өңір басшысы Ермек Маржықпаев алдағы уақытта өткізілетін жәрмеңкелерде сұранысқа ие тауар нүктелерін көбейтуді тапсырды.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Алдағы уақытта сұранысқа ие тауарлардың сауда нүктесін көбейту керек. Сонда кезек саны да азаяды. Қанттың жарнамасын күшейтіп, тұрғындарға түсіндіру керек. Осындай ыстықта кезекте күтіп тұрмайды. Қаладағы біздің маркет дүкендерінен алсын. Онда да кезек бар. Бірақ тура осындай емес қой.

РКС: Жәрмеңкеде 40-тан астам өнім түрі ұсынылды. Тауардың жалпы бағасы 81 млн.теңге.

СНХ: ҒАЛЫМЖАН ӘБДІХАЛЫҚОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 57 тоннадай тауар түрі әкелінді. Оның ішінде 27 тонна ет. 15 тоннадай сүт, 1 тоннаға жақын балық бар. Бұдан бөлек басқада тауар түрлері қойылған. Біз бұл шараны әр ай сайын жүргізіп отырамыз. Халықтың қандай өнімге сұраныс, талабы бар екеніне қарай өткізіп отырамыз.

СНХ: АЛМА СӘДУАҚАСОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРЫҒЫНЫ: Бағалар жақсы. Ет міне 2 мыңнан. Осындай ярмаркалар жиі өтсе. 2 аптада 1 рет өтіп тұрса деймін. Жылқының етін алдым. Базарда қымбат.

РКС: Жәрмеңкеге 8 аудан мен Көкшетау қаласының тауар өндірушілері қатысты. Олар өз өнімдерінің нарықтағы бағадан 10-15 процентке төмен саудалап, халықтың ықласына бөленді.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...