ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

ЖЕТІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ҮЙ САЛЫНАДЫ

17:06, 19 ақпан 2021

ДИКТОР: Облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Ермек Маржықпаев қоғамдық қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға келген азаматтар өздерін алаңдатқан әлеуметтік мәселелерді ашық жеткізіп, тиісті жауап алды.

РКС: Көкшетау қаласы бойынша  9018 адам пәтер кезегінде тұр. Оның 998-і ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім бала. Фарида Кушенова баспанаға мұқтаж жетім ретінде 2015 жылы наурызда кезекке тұрған. Арада алты жыл өткенде 498-ші орнына енді ғана жылжыған. Оның өзі тек уақытша тұратын жалдамалы пәтердің кезегі.

СНХ: ФАРИДА КУШЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: /аударма/00:20 Біз орташа есеппен 20 жыл күтіп,жалдамалы пәтер аламыз. Кейін өзіміздің үйімізді алу үшін ақша жинаймыз. Оны тағы 20 жыл төлейміз. Сонда бір пәтерге қол жеткізу үшін 40 жылдан астам уақыт кетпек. Меніңше, бұл механизм басынан дұрыс емес.

РКС: Фарида Кушенова облыс әкіміне жетімдер үйінен түлеп ұшқан балаларға жатақхана салынса деген ұсынысын білдірді. Сонда жетімдердің де  өзгелер секілді өз пәтерлерінің бастапқы жарнасын жинауға мүмкіндігі  туар еді. Әйтпесе, қазір тапқан табысы пәтерақыдан аспайды. Қаладағы жалдамалы пәтер құны Нұр-Сұлтан қаласымен шамалас.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:: /аударма/ 02:57 Облыстық бюджет есебінен жетімдер үшін 90-100 пәтерлі жаңа үй салуды қолға алсақ деп отырмын. Бұл кезекті аз да болса жылжытады. Қазір жобалық-сметалық құжаттарын жоспарлайық. Бұл үй  2022 жылы ғана болады. Бұл идеяны мен қазір сізді тыңдап отырып ойға алдым. Біз бюджетті соған бағыттай аламыз.

РКС:Жалпы соңғы екі жылда 80 жетім жалдамалы пәтермен қамтамасыз етілген. Кездесуге келген азаматтарды алаңдатқан жайттың бірі – пәтерлерге ие болғандар тізімінің қолжетімсіздігі. Айтуларынша, кезек сақтамай пәтер алатындар бар. 

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:: /аударма/ 00:21 Шартты түрде 1 мамырға дейін пәтерге ие болғандардың тізімін ашық жариялауды тапсырамын. Есептік кездесудегі азаматтарды алаңдататын сұрақтардың 60-70 проценті баспанаға қатысты болды. Бұл қашан да өзекті. Сондықтан, кезектің қалай жылжығанын, кімдерге берілгенін ашық жариялау керек.

СНХ: АМАНГЕЛДІ СМАЙЫЛОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: : /аударма/ 01:00 Біз босаған бөлмелердің барлығын жетімдерге береміз. Өйткені басқаларға беруге құқымыз жоқ.

РКС: Облыс әкімі кездесуге келген азаматтардың сұрақтары бойынша  тиісті басқарма жетекшілеріне бірқатар тапсырма берді. Мәселен, 2-ші топтағы мүгедек әрі жетім Айдана Асылханованы тез арада уақытша баспанамен қамтуды тапсырды. Өйткені, сырқат әйел жақында тағы да күрделі  операция жасатпақ. Ал кейбір азаматтарға заң тұрғысынан қолдау көрсетіп, консультация беру міндеттелді. 

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...