ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ БІРНЕШЕ КӨЛ ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ ҰЛТТЫҚ РЕЙТИНГТЕРДЕ ЖЕТЕКШІ ОРЫНДАРҒА ИЕ

19:40, 10 маусым 2021

ДК: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті білім беру бағдарламалары бойынша ұлттық рейтингтерде жетекші орындарға ие. Университет республикадағы 85 жоғары оқу орнының арасында 9-орында. Халықаралық рейтингтерде де позициялары жоғары деңгейді иеленіп отыр. Сондай-ақ, университет халықаралық білім беру жобаларының саны бойынша да республикада 5-ші орын алады. Білім ордасының соңғы үш жылдағы нәтижелері туралы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Марат Сырлыбаев арнайы брифинг барысында пысықтады.

РКС: Өткен жылы 113 «Алтын белгі» иегері  Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін таңдаған. Олардың саны  бүгінде 5 есеге артып отыр. 2018 жылы 55, 2019 жылы 93 бала болса, бүгінде барлығы  261 «Алтын белгі» иегері  осы университетте білім алады. Олардың 67 проценті педагогикалық мамандықтар бойынша.  Сондай-ақ, грант саны да айтарлықтай көбейген.

СНХ: МАРАТ СЫРЛЫБАЕВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ///қаз///Министрлік гранттарының саны 36 процентке артты.  2018 жылы - 2288 адамнан 2020 жылы - 3106 адамға дейін өсіп отыр.2018 жылы грант иегерлері біздің университетімізде тек қана 35 процентті құраса, қазіргі грант иегерлері 65 процент көтерілді. Биыл одан да жоғары болады деп ойлаймыз. Ал жергілікті атқарушы органдардың гранты иегерлерінің саны екі есеге артты. 

РКС: Сондай-ақ, шетелдік студенттердің де саны  6 есеге өсті. 2018 жылы  91, 2019 жылы 99,  өткен жылы 314 студент келген. Бүгінде 500-ден астам  шетелдік студент білім алып жатыр.  Олардың көпшілігі Үндістан, Пәкістан, Қытай, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Грузия елдерінен.   Жас ғалымдар қатары да толықты. Оларға қызметтік  тұрғын үйлер ұсынылып, жалақылары көтерілді. Рейтингтік журналдарда жариялану белсенділігі артты. Ғылыми жобалардың саны соңғы 3 жылда 3 есеге өсті. Жалпы кұны 200 миллионнан асып жығылады. Сондай-ақ, университеттегі ішкі құрылым да біршама өзгерістерге  ұшырады.

СНХ: МАРАТ СЫРЛЫБАЕВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ///қаз///Жоғары оқу орын мемлекеттік үлгідегі диплом беруін тоқтатады. Алдағы уақытта еңбек нарығында жоғары оқу орындарының берген дипломының  маман ретіндегі сапасына аса мән беріледі.+скл+Сондай-ақ, университеттің барлық бизнес-процестерін цифрландыру жүргізілгенін, электрондық құжат айналымы енгізілгенін атап өткім келеді. Біз тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай  «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 30 үздік түлегі» видеожобасын және бірнеше ғылыми-практикалық конференцияларды өткіземіз деген жоспарымыз бар.

РКС: Университетте шет тілінен емтиханға дайындалу және қабылдау үшін TOEFL институты ашылды. Білім беру бағдарламаларының 70 проценті аккредиттелген. Сондай-ақ, білім ошағы оқу процесінің практикалық бағыты үшін өңірдегі ірі кәсіпорындармен де тығыз байланыста.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕН, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
14:06, 18 маусым 2021
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
Толығырақ...