ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ Толығырақ

ЖОЛ ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ТАЗАРТЫЛУДА

17:00, 15 қаңтар 2021

ДК: Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автокөлік жолдары комитеті республикалық тас жолдар күтімінің сапасын арттыру мақсатында ақаусыз бағалау жүйесін енгізген. Жаңа бағалау тәсілі бойынша бұдан былай қазына қаржысы мердігердің атқарған жұмыс көлеміне емес, оның өз міндетін қаншалықты кемшіліксіз, сапалы атқарғанына байланысты бөлінеді.

РКС: Көкшетау-Щучинск бағыты республикалық маңыздағы бірінші санатты жол бөлігі. Оның қысқы күтіміне «Қазақавтожол» компаниясының №6-шы жол экспулатациялау участкесі жауапты. Ақаусыз  жол күтімі жүйесі бойынша орын алған олқылықтарға «жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» жылжымалы зертханасы сараптама жүргізеді.

СНХ: ИГОРЬ СТЕФАН, ОБЛЫСТЫҚ «ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ///АУДАРМА///03/00 Қыс мерзіміндегі жол күтімінің басты көрсеткіші жол бойында көліктің қауіпсіз әрі кедергісі жүріп өтуін қамтамасыз ету. Біз  мердігер және тапсырыс берушімен келісілген жол күтімін бағамдаудың жоспарлы кестесін әзірледік. Тұрақты түрде жол бойын бақылап, ақауларды анықтаймыз. Орын алған олқылықтар туралы мәліметті тапсырыс беруші мен мердігерге жолдаймыз.

РКС: Қысы боранды Ақмола өңірі үшін жол қызметінің жылдам әрекет еткені керек. Көлік ағыны мен жолдың әкімшілік маңызына қарай жол күтімі 5 деңгейге бөлінеді. Тиісінше, тас жол 2 сағаттан 16 сағат аралығында қардан тазартылуы тиіс. Облыс аумағындағы республикалық маңызы бар тас жолдардың күтіміне «Қазақавтожол» серіктестігі жауапты. 

СНХ: ДУДАР САҒИТОВ, «ҚАЗАҚАВТОЖОЛ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС МАМАНЫ///АУДАРМА///  2040 шақырым республикалық жолдың қысқы күтімімен «Қазақавтожол» мекемесі айналысады. Облыс аумағында біздің 12 жол-пайдалану учаскесі қызмет атқарады. Оларда жалпы саны 140 техника бар. Әр жол-пайдалану  учаскесіне нақты жұмыс аумағы белгіленген. Жолға қысқы күтім көрсету жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Күн сайын біздің мамандар жол бойын патрульдік бақылау жүргізіп, күнделікті қардан тазартады.

РКС: Жол сапасын қамтамасыз ету үшін саланың коррупциядан ада болғаны керек. Осы мақсатта «Адалдық алаңы - сапалы жол» жобасы аясында құзырлы мекемелер мен мердігерлер жұмысы бақылауға алынған.

СНХ: ВЛАДИСЛАВ ШУЛЬ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОПТЫҢ МҮШЕСІ///АУДАРМА///  Былтыр облыстық бюджеттен қараша-желтоқсан айдларында жол күтіміне 150 млн. теңге бөлінді. Биыл қаңтар-наурыз айларында қысқы жол күтіміне 200 млн теңге бөлінді. Біз осы сапар барысында бөлінген қаржының қалай игеріліп жатқанын бақылауды көздеп отырмыз.

РКС: Айта кетелік, облыс аумағында 7 мың шақырым жол бар. Оның 2661-і  облыстық, 2965 шақырымы аудандық маңыздағы жолдар.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЗАҢМЕН БЕКІТІЛЕДІ
19:40, 2 наурыз 2021
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЗАҢМЕН БЕКІТІЛЕДІ
Толығырақ...
МЕКТЕП: САНИТАРЛЫҚ САҚТЫҚ ҮШІН 70 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
19:39, 2 наурыз 2021
МЕКТЕП: САНИТАРЛЫҚ САҚТЫҚ ҮШІН 70 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
18:39, 2 наурыз 2021
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІМЕКЕНДЕРДЕГІ ТӘРТІП МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
20:25, 24 ақпан 2021
ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІМЕКЕНДЕРДЕГІ ТӘРТІП МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...