
ДИКТОР: Көкшетауда жол қозғалысы балғын инспекторларының облыстық слеті өтті. Оған үздік 8 команда қатысты. Жолда өзін қалай ұстау керектігін, алғашқы медициналық көмекті қалай көрсету керек? Балалар осыларды көрсетіп жарысуда. тілшіміз баяндайды.
РКС: Соңғы екі жыл тұралап қалған бұл сайыс биыл алғаш рет офлайн-форматта өтті. Байқауға облыстың 7 ауданынан 80-ге жуық оқушы қатысты.
СНХ: ХАДИША ЖОЛЫМБЕТОВА, "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: Менің ойымша, балалар жақсы дайындалды, бұл байқау жыл сайын Ақмола облысының полиция департаментімен бірлесіп өткізіледі.
РКС: Тәртіп сақшылары бұл іс-шара оқушыларды жолдардағы қауіпсіз қозғалысты насихаттауға тартуға ықпал ететінін атап өтті.
СНХ:РУСТАМ ӘБДІРАХМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ ШТАБЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ: Бұл байқаудың мақсаты айқын, полиция департаменті балаларды жолдарда абай болуды ескертеді. Әсіресе жазғы уақытта велосипедпен, скутермен жүрген кезде көп ретте жол-көлік оқиғаларына балалар тап болып жатады.
РКС: Жас инспекторлар 9 номинация бойынша бақ сынады. Бұл "Жол қозғалысы ережелерін білетіндер", "Жас санитарлар", "Үгіт бригадаларының байқауы" сынды номинациялар тағайындалған.
СНХ: АНГЕЛИНА ГОРБУЛИНА-СЛЕТКЕ ҚАТЫСУШЫ /ЖАҚСЫ АУДАНЫ: Жас жол инспекторларының байқауында біз командамызбен бірге бірінші рет қатысып, жақсы нәтижелер көрсеттік. Слет қатысушыларға жолда жүру ережелері туралы көбірек білуге көмектесті және бұл білімімізді өз құрдастарымызбен бөлісеміз.
РКС: Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
ДИНАРА СМАЙЫЛОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, "КӨКШЕ АҚПАРАТ"