ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ЖОЛ САПАСЫ МЕМЛЕКЕТ НАЗАРЫНДА

19:05, 7 қазан 2021

 

ДИКТОР: Қазіргі таңда, Ақмола облысы жолдарының 80 процентінің жағдайы көңіл көншітерлік. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін бюджеттен миллиардтаған қаражат бөлінген. Бұл да болса, еліміз Тәуелсіздік алғалы қол жеткізген жетістіктер мен атқарылып жатқан жұмыстардың жемісі. Қомақты қаржы бөлініп, жөндеуден өткен жолдардың сапасы жайлы тілші бейнематериалында.

РКС: Еліміз тәуелсіздік алғалы, облыс жолдарын жөндеу жұмыстарына миллиардтаған қаражат құйылып келеді. Тек, биылғы жылдың өзінде бұл мақсатқа 38 млрд теңге бөлініпті. Әр тиын мақсатты түрде жұмсалып, көптеген жобалар жүзеге асырылып жатыр,- дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары.

СНХР: ӘДІЛЕТ ӘНУАРБЕКОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Олардың бірі, өте маңызды жол – облыстық маңызы бар Нұр-Сұлтан қаласынан Аршалы ауданының Будақсай ауылына апаратын жол. Ол 40 шақырымды құрайды. Сол жолды жөндеу үшін 800 млн теңге бөлінді. Айтылған сомаға 5,5 шақырым жол жөндеу жоспарланып отыр. Қазіргі кезде жұмыстар жалғасуда. 

РКС: Сонымен қатар, «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы аясында Степногорск қаласының жолдарын жөндеуге 220 миллионнан астам қаражат бөлініпті. Ал,  курорттық аймақты дамыту мақсатында Бурабай ауылының ескі жолдарын жөндеп,  жаңа жолдар салу үшін бюджеттен 367 млн қарастырылған.

СНХР: ХАЙРОЛЛА ЖҰМАБЕК, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: 2022 жылы облыстағы жолдарды жөндеу үшін республикалық және облыстық бюджетке тиісті бюджеттік тінім жасалды. 2022 жылда жолдардың жақсы күйін 87 пайызғадейін үлкейту жоспарланған. Осы жылы басталып, аяқталмай қалған жобаларды келесі жылы жалғастырып, аяқтау жоспарланған.

РКС:  Мемлекеттен бөлінген қаражаттың әр тиыны тиімді пайдаланылуы тиіс. Сондықтан, атқарылған жұмыстардың сапасын бақылауда ұстаймыз дейді басқарма мамандары. Ал, егер жөнделген жолдардың сапасы нашар болса, мердігер компания қайта жөндеу жұмыстарын өз есебінен жүргізуге міндетті болады.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...