ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

ЖОЛ САПАСЫ МЕМЛЕКЕТ НАЗАРЫНДА

21:04, 21 қазан 2021

ДИКТОР: Қазіргі таңда, Ақмола облысы жолдарының жалпы ұзындығы  7890 шақырымды құрайды. Оның ішінде облыстық маңыздағы жолдар 2661 шақырым болса, аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 2965 шақырым. Жыл басында облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 300 шақырымын жөндеу көзделген болатын. Әзірге, жоспардың 73 проценті орындалды.

РКС: Жыл басында облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 300 шақырымын жөндеу жоспарланған болатын. Оған республикалық және облыстық бюджеттен, шамамен, 38 млрд теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда бұл соманың 28 миллиарды игеріліп, жоспарланған жолдың 220 шақырымы жөнделген. Қалған 80 шақырымды қазан айының соңына дейін аяқтаймыз,-дейді мамандар.

СНХР: ӘДІЛЕТ ӘНУАРБЕКОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Жолдардың жақсы күйдегі үлесін 82 пайызға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.  Осы мына ағымдағы жылдың бірінші тқаңтарына 78 пайыз болған.  «Ауыл – ел бесігі» деген бір бағдарлама бар бекітілген. Сол бағдарлама аясынджа жұмыстар іске асырылып жатыр. Бүгін таңда біз уже аудан орталықтарының жөндеу жұмыстарын аяқтап, кішігірім ауылдарға көшуді жоспарлап отырмыз.//

РКС: Қажетті қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Бірақ, сол жұмыстардың сапасы қандай деңгейде? Мемлекеттің қаржысы қаншалықты тиімді жұмсалуда? Бұл сұрақтармен жол активтерінің Ұлттық сапа орталығы Ақмола облыстық филиалы айналысады.

СНХР: АБЫЛАЙ ТӨЛЕУОВ – ЖОЛ АКТИВТЕРІ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ: Биылғы жылдың басынан бастап біздің орталық мамандары 248 тексеріс жүргізген. Оның ішінде 232 инспекциялық. Тексеріс нәтижелері бойынша автокөлік жолдарын күтіп ұстау, жөндеу және құрылыс сапасы бойынша 620 ескерту анықталды. Оның 127сі өрескел бұзушылықтар. Жасалған ескертулер назарға алынып, 600 бұзушылық жойылды. //

РКС: Жолдардың сапасы мемлекет назарында. Бұл мақсатқа жыл сайын бюджеттен миллиондаған қаражат бөлінеді. Соның нәтижесі болар, облыс жолдарының 78 проценті, қазіргі таңда, жақсы күйде деп саналады.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...